17 Декабрь
12:05
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
25 тамыз 12:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әнші Шахаризат Сейдахмет Қытайда бейнебаян түсірді (видео)
Әнші, "Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды.



"Аруларым-ай" атты әннің бейнебаяны Қытайда түсірілген. Әншінің айтуынша, түсірілім жұмыстарына үш күн жұмсалыпты. "Туындының әнін өзім жаздым. Осыған дейін этно-рок бағытында ән айтып келдім. Енді өзімді лирика бағытында да сынап көргім келеді. Бұл менің махаббат жайлы алғашқы әнім. Тыңдармандарымның көңілінен шығады деп үміттенемін", - деді әнші. Айта кетейік, бейнебаянда басты рөлді әншінің өзі сомдайды. Әнші жыл соңына дейін тағы бес бейнебаянын жарыққа шығаратынын айтты.



Шахаризат Сейдахмет "Қазақстан дауысы - 2013" жеңімпазы, ол жобадан кейін халық әні "Мақпалжанмен" тыңдармандарының жүрегіне жол таба білді. Тыңдармандары оны ұлттық нақыштағы әндерімен таниды.
 
Еске сала кетейік, әншінің "Мақпалжан" әніне түсірген бейнебаяны бұған дейін де сайтымызда жарияланған болатын. "Бұл әнге 2005 жылы қызығып, Қажымұрат Шешенқұл ағамыздан рұқсат алғымыз келген еді. Бірақ ол уақытта мүмкіндік бола бермеді. Одан кейін бұл әнді Тоқтар Серіков те, ән авторы да орындады. Бірақ бұл әнді біз өз стилімізде орындап, халыққа жеткізгіміз келді", - дейді Шахаризат Сейдахмет. Бейнебаянды AIMVI пордюсерлік орталығы Алматы маңында әлемге әйгілі Nickelback рок-тобының стилінде түсірді. Әнді орындауда электрдомбыра қолданылды.


Дереккөзі: Tengrinews.kz
нравится:    895
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии