12 Декабрь
06:50
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
26 қараша 15:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әнші Толқын Забирова кітап жазды
Белгілі әнші Толқын Забирова кітап жазып шықты. Студенттерге арнаған оқу әдістемелік құрал «Әншілерді дайындау кезіндегі қазақ тіліндегі әншілік фонеменді жасау»  деп аталады.





«Дағдарыс  - бұл бір сарында өмір сүретіндер үшін ауыр соққы болып тиеді, алайда медальдің екінші жағы болатындай, дағдарыс адамдардың отбасына көбірек көңіл бөлуіне, өзінің білімін жоғарлатуға, кітап оқуға мүмкіндік береді. Мен кітап жазумен айналысып жатырмын»,- дейді  Толқын.



Еске сала кетейік, Толқын әншілік өнермен қатар, ұстаздық кәсіпті қатар алып жүр.  Өнертану ғылымдарының кандидаты Толқын Завирова болашақ сахна саңлақтарын даярлауға зор үлес қосуда.
Оның үстіне бұл әншінің бірінші кітабы емес.  Ол «Ұлттық әншілік мектепті қалыптастыру: жаңа парадигманы іздеу» монографиясының (2010); «Қазақ опералық-концерттік әншілерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» (1994), «Қазақ ұлттық әншілік мектебін қалыптастырудың заманауи мәселелері» (2007), «Әншілік дауысты қалыптастыру» (2008), «Қазақстандық опералық-концерттік әншілерде қазақ тілінің әншілік фонетикасы дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туралы» (2008), «Қазіргі заманғы вокалдық педагогиканың эмпиризмі» (2008), «Әншілік дауысты қалыптастырудың үлгісі» (2008), «Опералық әншінің вокалдық-техникалық жұмысының жаңа парадигмасы» (2010), «Тарихи-мәдени талдау ұлттық вокал мектебінің жаңа парадигмасының әдіснамалық негізі ретінде» (2009), «Фонациялық үдеріс энергетикалық үлгілеу: әдістеме негіздері» (2010) атты мақалалар мен баяндамалардың авторы.

Авторы: Абай Айсара
 
нравится:    1675
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии