|    |  
22 қараша 2018
03:12
қаз
​ӘНШІЛЕР АЛМАТЫЛЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕШ БЕРЕДІ
24 шілде, 15:02 858
ӘНШІЛЕР АЛМАТЫЛЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕШ БЕРЕДІ

Алматыда  табиғат апатының салдарынан болған жағдайға әншілер қауымы да  құр  қарап қалмады.

«All Давай»  тобының әншісі Шоқан бірінші болып әріптестеріне  ұсыныс тастады. Ғаділбек Жаңай, Рано Омарова, Дильназ Ахмадиева, Тұрар Рахымберлин, Карим  сынды өнер иелері қолдай түсті. Олар қайырымдылық кеш беріп, түскен қаржыны баспанасыз қалған тұрғындарға  бермек. Әлі де  қолдайтындар саны көбейетініне сенім мол.


Қайырымдылық кеш 26 шілде күні «Grand Opera» мейрамханасында өтеді.

Айта кетейік, кеше таңға жуық тау басынан сел жүріп, біраз көшені су шайып кеткен еді. Мыңға жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.


Дереккөзі:baistars.kz
Жаңалықтар