20 Ноябрь
09:37
Астана: -2 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
29 наурыз 12:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Антибактериалды сабын микробтарды жоймайды

Бактерияға қарсы сабын аты айтып тұрғандай адамды бактериядан қорғауы қажет. Дегенмен, бұл сабындар өз қызметін толық атқара ма? Біздің жұмсаған қаржымызды ақтай ала ма?

Былтыр Antimicrobial Chemotherapy журналында Корей Университеті ғалымдарының зерттеуі жарияланған. Олар қарапайым сабын мен антибактериялды сабынды салыстырған. 20 шақты бактерияны микроскоппен қарап отырған.

Зерттеуге қатысқан адам 20 секундтың ішінде 20 және 40 градус жылы сумен екі түрлі сабынмен де жуып көрген. Ешқандай өзгеріс байқалмаған.

Мүмкін қысқа уақыт аралығында қолымызды дұрыс жумайтын болармыз? Ғалымдар бұл гипотезаны да ескеріп, сынап көрді. Бактерияға қарсы табиғи сабын бактерияны өлтірген. Бірақ, қолды 9 сағат жуып тұрғанда ғана мұндай нәтижеге жеткен. Лас қолды 9 сағат жуып тұру мүмкін емес секілді.

Ғалымдар бұл уақытты 16 адамға бөліп беріп те тексерген. Яғни, 16 адам 30 секунд жуып, олардың қолында қалған бактреияларды қосып көрген: ешқандай өзгеріс байқалмаған.

Зерттеу жұмысының авторы Мин-Сук Ри «Бұл тәжірибеден сабын құрамындағы триклозан бактерияны біз ойлағандай жойып жібермейді» деді.

Антибактериялық сабын бірінші рет сыналып отырған жоқ. 2013 жылы АҚШ-тың санитарлық қадағалау басқармасының зерттеу қорытындысы бойынша, «мұндай сабындар микробтарды жоюда қауқарсыз» деп бағалаған екен.

Оған қоса, жоғарыда аталған триклозан қоспасы бауыр қызметіне, тыныс алу жолдарына және қалқанша безіне кері әсерін тигізеді екен.

massaget.kz
нравится:    847
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии