19 Август
07:40
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
18 қыркүйек 14:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Антиоксидант құпиясы
Өміріңізде бұл сөзді бір рет болса да естіген боларсыз. Әсіресе, жасарудың құпиясы туралы тақырып қозғалса, оның негізгі көзі осы затта екенін ұғасыз.Бұл қандай ғажайып зат және оның ерекшелігі неде? Осы сауалға жауап іздеп көрелік. Антиоксидант – ағзамызға іштей жағымды әсер ету арқылы біздің қартаюымызға тосқауыл болатын зат екен. Иә, бұл ғылыми түрде тәжірибе арқылы дәлелденген жаңалық.

Сұлулықты сақтау

Бұл тек қарапайым адамдарға ғана емес, ғылыми химиктер, дәрігерлер, фармацевтер, биологтар үшін өте қызықты. Олар зерттеу барысында антиоксиданттың адам ағзасына таңғажайып әсерін байқайды. Біздің қазіргі өміріміщдің көрінісі, бұл – күйзеліске толы экология ластанған және дұрыс тамақтанбайтын, асығысқа толы қарбалас тіршілік. Осы жағдайлардың барлығы біздің жасушаға кері әсер етіп, басқа ағзалардың қызметін бұзады, осылайша адам өзін нашар сезініп, келбеті де көріксіз болады. Еркін радикалдар (зиянды заттардың) метаболизмнің бұзылуы себепті жасушаларды кеміріп, оның жойылуына әкеледі. Ал антиоксиданттар еркін радикалдарды ыдыратып, мембрана жасушаларын қорғайды.

Әжімсіз тегіс тері

Ноттингем университетінің ғалымдары керемет жаңалық ашты. Әжімсіз тегіс тері тек тұқым арқылы ғана берілмейді. Бұл мүмкіндікке күнде қызыл және сары түсті жемістер мен көкөністерді жеген адамдар ие болады екен. Олардың құрамы каротиноидтерге бай, өрік, қызанақ, сәбіз, қауында көп кездеседі. Каротиноидтер тек теріні ғана тегістеп қоймайды, сонымен қатар, оған әдемі рең береді. Сонымен қатар теріні белсенді түрде ультракүлгін сәулелерден және пигментті дақтардан қорғайды. Каротиноидтер біраз жасыл түсті көкөністерде – брокколи мен шпинатта бар.

Ақуыз

Тері серпімділігі мен бұлшықет тонусының ұзақ уақытқа сақтағыңыз келсе ақуызға бай тағамнан бас тартпаңыз. Ақуыз бұлшықеттің негізгі құрастырушы заты болып саналады. Әсіресе, ақуыз суық кездерде өте пайдалы, сонымен қатар, жасуша қабырғаларын берік еткендіктен, ағза вирустық шабуылға тез берілмейді. Ақуыздың көп мөлшері майсыз ақ етте (балық, тауық, қоян еті), майлылығы 2,5%-дан аспайтын сүт өнімдерінде, жаңғақта, бұршақ тектес көкөністерде, қарақұмық, қоңыр күріште, сұлыда, бидайда кездеседі. Етті тез жібіткенде де ақуыздың тез жойылып кететіндігін ескертеміз.

Зиянды тағамдар

Еттегі қаныққан майлар тамырға зиянды холестериннің пайда болуына соқтырады. Ас тек артық салмақ қосуға себеп емес, оның құрамында зиянды канцерогендер бар.

Ішімдік ағзаның құрғауына әкеледі. Егер су қорын толдырмаса, тері серпімділігін жоғалтып, әжім пайда болады. Дүкендегі түрлі тәттілерде жасырын зиянды майлар мен қанттар бар.

Нағыз эликсир

Екі кісілік мөлшерге: екі алма, үш сәбіз шырынын сығып алыңыз. Бір тал жанжабіл және екі орташа қызылша. Осы жастық қоспасын ішпес бұрын оған күнжіт майының екі-үш тамшысын тамызып, үстіне жалбыз немесе балғын көк шөп қосуды ұмытпаңыз.

Жерорта емдәмі

Австриялық зерттеушілер Жерорта теңізінің емдәмі қартаймаудың ең тиімді жолы екенін дәлелдеді. Күнделікті ас мәзірін құраушы зәйтүн майы, теңіз балығы май қышқылдарына бай, бұл «зиян» холестериннің пайда болуына жол бермей, атеросклероздың алдын алады. Көкөністер, жемістер, кәдімгі нан аталмыш емдәмі онан әрмен пайдалы етеді: жасұнық ас қорытуды жақсартады. 

Дереккөзі: comode.kz
нравится:    740
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии