18 Август
18:41
Астана: 21 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
6 қазан 10:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Apple әлемдегі ең қымбат брендтер тізімінде үшінші рет көш бастады


Айфон, айпадтарымен жаһанға танымал алпауыт Apple компаниясы әлемдегі ең қымбат жүз бренд рейтингінде осымен үшінші рет көш басында тұр.
Бір жыл ішінде Apple құны 43%-ға, 170 млрд долларға дейін өскен, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Америкалық Apple компаниясы әлемдегі ең қамбат жүз бренд тізімінде үшінші жыл қатарынан бірінші орын иеленді. Бір жыл аралығында оның құны 43%-ға, 170 млрд долларға дейін артқан. Үздік брендтер рейтингін жыл сайын халықаралық Interbrand консалтинг тобы жасайды.

Америкалық Google трансұлттық корпорациясы екінші орынға ілікті, аталған бренд құны  бір жылда 12% қосып,   120 млрд долларды құрады. Үшінші орынға салқын сусындар нарығын жаулап алған Coca-Cola Co. компаниясы жайғасты. Бренд құны 78 млрд (-4%) доллар.

Ең қымбат брендтердің ондығына Microsoft, IBM Toyota Motor Corp, Samsung, McDonald’s және Amazon компаниялары енген.

Брендті бағалау кезінде компаниялардың тауарды, өнімдер мен қызметтерді сату есебінен түскен табысы, тұтынушының тауар сатып алуда қай брендке басымдық беретіні, сондай-ақ компанияның болашақ кірісіне брендтің қосар үлесі ескеріледі.

Дереккөзі: BNews. 
нравится:    734
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии