|    |  
21 қараша 2018
19:01
қаз
Apple автокөлік жасап шығаруы мүмкін
29 ақпан, 16:58 849


Америкалық Apple компаниясы жаңа автокөлік жасауға қатысты жобамен айналысып жатыр. Мұндай болжам Калифорния штатының Саннивейл қаласындағы компания ғимаратындағы белсенді әрі құпия түрде болып жатқан іс-әрекетке байланысты жасалып отыр, деп хабарлайды ТАСС.

Агенттіктің хабарлауынша, ғимарат маңындағы тұрғынар кешеннен шығып жатқан түрлі қатты дыбыстар мен бірден болатын механикалық шуылдар өндіріс жұмыстарына ұқсас екенін айтқан. Сондықтан корпарация құпия түрде автокөлік жасаумен айналысып жатыр деген болжам жасалуда.

Әзірге Apple аталған іске қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Корпорация бұған дейінде ресми хабарлама жасаған емес. Бірақ журналистер Apple осыған дейін машина жасау саласындағы сарапшыларды және Ford пен Mercedes-Benz автоконцернінің мамандарын жалдағанын анықтаған болатын.

Дереккөзі: 7kun.kz

 
Жаңалықтар