16 Декабрь
19:05
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
20 мамыр 15:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Apple GPS-стартап сатып алды
Apple GPS-стартап сатып алды

 
Apple GPS-навигациясымен айналысатын Coherent Navigation компаниясын сатып алды деп жазады The Wall Street Journal журналы.

Apple стартапты иеленгендігін растады. «Компания үнемі кішігірім технологиялық компанияларды сатып алады, бірақ біз жоспарларымыз бен мақсаттарымызды талқыламаймыз», — делінген кәсіпорын хабарламасында.

Компания келісімнің құны мен уақытын нақтылаған жоқ. Бірақ LinkedIn сайтындағы Coherent Navigation басшысының профилінде оның Apple-дің навигациялық бөліміне қаңтар айында қосылғандығы жазылған.

Coherent Navigation АҚШ үкіметінен тапсырыс алып, коммерциялық навигациялық сервистер құрастырады. Бұдан бөлек соңғы жылдары Apple Google Maps-ке альтернатива құру үшін BroadMap, Embark және HopStop.com стартаптарын сатып алған еді деп хабарлайды Rambler.
нравится:    802
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии