Әлем жаңалықтары
11 қараша 10:49
Apple iPhone X-тің суыққа төзімділігі проблемасын шешуге уәде берді


Компания бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. 

Apple компаниясы iPhone Х экраны суықта қатып қалатын жағдайымен келісті. Шамамен нөлградус температурада оның жұмысында проблемалар туындайды, деп хабарлайды dpa.

Аталған проблеманы шешу үшін компания iOS бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа нұсқасын шығаруға шешім қабылдады. Бұл туралы Apple өкілі 10 қарашада мәлімдеді.

Apple компаниясы өкілінің мәлімдеуінше, жаңа iPhone-ның дисплейі суық кезде сезімталдығын жоғалтады. Ол ешқандай командаларға жауап бермей қатып қалады да, біраз уақыт өткеннен кейін ғана қайта жұмыс істей бастайды.
 
Apple бұл проблеманың себебін ашып айтпай отыр. Жаңа бағдарлама қашан шығатынын да әзірше құпия күйде ұстауда.
 
Естеріңізге сала кетейік, Желіде iPhone Х тұтынушылар экранның суыққа төзімсіздігін айтып шағымдана бастаған болатын.
 

Дереккөзі: DW
 

Комментарии




Яндекс.Метрика