Әлем жаңалықтары
18 желтоқсан 14:37
Apple iTunes-пен қош айтыспақ



Apple корпорациясы 2019 жылы iTunes музыка дүкенін жабуды жоспарлауда, деп хабарлайды Weraveyou порталы.

Мұндай шешім Apple дүкенінде узыкалық композициялардың сатылымының төмендеуі аясында Spotify, Apple Music және басқа стримингтік сервистердің танымалдылығының артуымен байланысты. Тұтыну моделі өзгерді және пайдаланушылар музыканы арнайы жазылу бойынша тыңдауға көшті деп мәлімдейді Weraveyou.

Порталдың деректері бойынша, пайдаланушылар сатып алған барлық тректер мен олардың плей-парақшалары Apple Music медиатекасына көшірілетін болады. Сонымен бірге заңсыз жүктеп алынған композициялар қолжетімсіз болып қалады.

iTunes онлайн-дүкені 2003 жылы сәуірде іске қосылған болатын. Құқық иеленушілермен келіссөздер жүргізу барысында Apple-дің негізін қалаушы Стив Джобс тректер альбом түрінде емес, жеке-дана әр данасы 99 центтен сатылуына талап қойды. 2011 жылы маусымда 15 миллиардыншы композиция сатылды.

Сонымен бірге, бұл онлайн-дүкеннен фильмдерді, телебағдарламаларды, аудикітаптарды және басқа да медиаконтентті сатып алуға болады.

Дереккөзі: http://lenta.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика