14 Декабрь
22:58
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Экономика
10 қыркүйек 10:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Apple компаниясы iPhone жаңа нұсқасын таныстырды


Apple компаниясы өзінің пайдаланушыларына iPhon жаңа нұсқасын таныстырды. Жаңа өнімнің таныстырылымын Apple  басшысы Тим Кук пен Apple-дың  маркетин жөніндегі вице-президенті  Филипп Шиллер  жүргізді. Бұл туралы Gazeta.ru. хабарлайды.

Жаңа смартфондар төрт түрлі түспен шыққан, бар түстерге "қызғыл алтын" түсі қосылған. «Олар бұрынғыша көрінуі мүмкін, бірақ біз бәрін өзгерттік», - деді компанияның бас директоры Тим Кук.
 
Смартфондар 12 елде 25 қыркүйектен бастап сатыла бастайды, ал жыл соңына дейін iPhone 6S 130 елде сатылады. 6S  нұсқасының бағасы $199-$399 арасында болса, ал 6S Plus $299 жоғары болмақ.
iPhone 6S смартфонының 12 мегапиксель болатын камерасы түнгі уақытта түсіруге мүмкіндік береді және түстердің қанықтығы ерекшеленеді. Смартфон 4К видеотүсірілім жасауға мүмкіндік береді. Фототүсірілімге негізгі камерасына да, алдыңғы беттің 5 мегапиксельді камерасына да жарықшақ орнатылған. 



Смартфонда жұрттың күткен басты жаңалығы 3D Touch қызметі болды - Force Touch функциясын 2015 жылғы Apple Watch және MacBook иелері біледі. Технология саусақпен басудың күшін анықтайды және соған байланысты қызмет түрін түрліше атқара алады.
Сонымен бірге Apple компаниясы  iPhone 6S және  6S Plus смартфондарымен бірге iPad Pro планшет компьютері де ұсынылды. Оның экранының өлшемі - 12.9 дюйм. 




 
нравится:    812
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии