17 Декабрь
10:20
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Авто
17 тамыз 10:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Apple компаниясы пилотсыз басқарылатын көлік құрастыруда
АҚШ-тың Apple компаниясы пилотсыз басқарылатын  көлікті әзірлеп жатыр және оны Сан-Францискода оны сынақтаудан өткізуде.  Бұл туралы британдық The Gardian газеті хабарлайды.



Газеттің жариялаған мәліметтеріне қарағанда, Apple «ақылды» көліктің алғашқы моделін сынақтан өткізіп жатыр. Алайда бұл жайт құпияда сақталып отыр.
The Gardian редакциясының қолына «Project Titan» деген құпия атқа ие болған жүргізушісіз автомобиль жобасын жүзеге асырып жатқан инженерлердің хаттары түскен. Бұл осындай көліктердің құрылатыны жөніндегі алғашқы құжаттар болса керек.
Пилотсыз басқарылатын автомобиль құрастырушылардың ішінде Google компаниясы көшбасшы болып келеді. Гугломобили деп аталатын құрал  алғаш рет 2012 жылы мамыр айында Невада жолдарында пайда болды.
Осы жылдың шілде айында  пилотсыз автокөліктердің қатысуымен  ондаған авария орын алды. Одан бірінші болып адамдар зардап шекті.
Осы жылдың шілде айында Калифорнияда Google және Delphi Automotive Plc тиселі пилотсыз  екі автомобиль соғысып қала жаздаған болатын.

Дереккөзі: lenta.ru
нравится:    760
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии