23 Октябрь
06:43
Астана: -5 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
14 маусым 16:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Apple қоңыраулар мен хабарламаларды шифрлеуге уәде етті


Apple компаниясы құрастырушыларға арналған WWDC-2016 конференциясында iOS (iPhone, iPad), Mac (MacOS), Apple TV және Apple Watch операциялық жүйелеріндегі өзгерістермен хабарлады. Болашақта құрастырушылармен серіктес болуға дайын екенін мәлімдеді.Одан бөлек, Apple шифрлеудің ең соңғы тәсілін іске асыратынын хабарлады. Шифрлеу компанияның жаңа мессенджері мен дыбыстық қоңырауларда пайдаланылады. Осылайша, деректер ақпаратты жіберген құрылғыда шифрленіп, ақпаратты қабылдаушы екінші құрылғыға барғанда, бір-ақ шешіледі. Ортадағы «делдалдар» немесе үшінші тарап өкілдерінің тыңшылық етуіне мүмкіндік қалмайды.

Сонымен қатар, компания өкілдері MacOS пен мобильді iOS операциялық жүйелерінің жаңа нұсқасы қашан шығатынын айтты. Apple Maps, Siri сандық ассистенті, мессенджердің жаңа функциялары, Apple Music, басқа да әр түрлі сервистердің жаңа дизайны қашан таныстырылатыны хабарланды.

Бағдарламаның айтуынша, Apple-дің жаңа мессенджері чатқа лайықты ең үздік смайликтер мен эмоцияларды, т.б жаңашылдықтарды қолданатын болады. «Ақылды үйлерді» телефонмен басқаруға қажет iPhone мен Apple Watch-қа арналған қосымшалар тізімі жарияланды. Барлық үш платформада да ақылды үйлерге арналған арнайы интерфейс ұсынылған. Ал Apple Maps қосымшасы арқылы пайдаланушы ұнатқан ресторанын картадан тауып, үйде отырып-ақ бос орынға тапсырыс бере алады. Мас компьтерлеріне арналған жаңа OS күзде шығады. Ол Mac Sierra деп аталады. Apple-дің айтуынша, жаңа операциялық жүйе құрылғының хард дискіндегі бос орынға иелік етіп, құрылғыңыздың тезірек жұмыс істеуіне көмектеседі.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    718
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии