|    |  
27 мамыр 2019
12:18
қаз
Әпсана: Мен неге бай емеспін?
22 қаңтар 2019, 09:36 11


Бір кедей жігіт көшеде ұстазын кезіктіріп қалып:

— Неліктен, мен — кедеймін, ал достарым — елге сыйлы бай адамдар? — деп сұрақ қойыпты. Сонда ұстазы:
— Балам, сен өз қолыңды 100 сомға кестірер ме едің? — дейді шәкіртіне, оның оң қолын көтеріп.
— Құдай сақтасын, қолымды — өлсем де кестірмеймін!
— Ал мына жарық дүниені көріп тұрған — екі көзің мен балғадай екі аяғыңды 10.000 сомға берер ме едің?
— Ұстазым-ау, мен бұларды дүниенің бар байлығына да айырбастамаймын, — дейді шәкірті.
— Ұлым, 12 мүшең сау, одан асқан не байлық керек?! Құдайға шүкіршілік ет, намаз оқып иманды бол! Міне, сонда сенен асқан бай адам болмайды…

Аллаға шүкіршілік етейік достар. Өмірдің мәні ақшада емес, деніміздің саулығында, ата-анамыздың аманшылығында және жүректің тазалығында…


Жаңалықтар