|    |  
26 наурыз 2019
07:03
қаз
Әпсана: Жақсы болса алғаның...
22 қараша 2018, 09:06 2


Баяғыда бiр мұсылман отбасында күйеуi алыс сапарға аттанып, әйелi үйде қалады. Бiр күнi қыздың төркiнiнен:
— Тез келiп жет, Әкең ауырып қалды, — деген хабар жетедi.
— Мен ерiмнiң рұксатынсыз бара алмаймын, Алланың қаһарына ұшырап, перiштелердiң қарғысына қалғым келмейдi, — деп келіншек, хабаршыны қайтарып жiбередi. Арада аз уақыт өткен соң:
— Әкең хал үстiнде, сенi көргiсi келiп жатыр, — деп жанұшыра жеткен хабаршыға тағы бара алмайтынын айтады.
Әкесi қайтыс болғаны туралы суық сөз де көп күттiрмейдi. Қатты қайғырған келiншек өкiнiштен өзегi өртенiп, ерiнiң сапардан оралуын күтедi. Бiрақ бармайды. Пайғамбар (с.ғ.с.) қыздың әкесi ана дүниеде жәннатқа лайықтылардың қатарынан орын алғанын айтады. «Қалайша?» — деп таң қалады сахабалар.
— Алла Тағала, әйелдің тек күйеуіне бойсұнуды әмiр еткен. Күйеуін күтiп, Алланың әмiрiн орындап, иманын қорғаған осындай қыз өсiрiп, тәрбиелегенi үшiн әкесi Алланың рахметiне бөлендi, — дейдi Пайғамбар (с.ғ.с).


Жаңалықтар