26 Май
14:10
Астана: 30 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Кербез
5 ақпан 10:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Апталық жұлдыз жорамал: 4 - 10 ақпан
Астролог Любовь Шехматованың апталық жұлдыз жорамалын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл аптада жұмыс та, жүктеме де көп болады. Жеңіс те, жеңіліс те бар. Бірақ кез келген сәтсіздік жақсылыққа. Сонымен кеттік

 
Фото: almanac.com
 
 
Тоқты
Сүйіктіңізге адал болыңыз. Өзгелерге көз салу, көңіл бөлу, интрига болуы мүмкін. Интимдік аспект аса маңызды. Жұмысыңызға  жауапкершілікпен қараңыз. Жұмыстағылармен жанжалдасудың, басшының айтқанына қарсы шығудың қажеті жоқ.
  
Торпақ
Отбасы, жұмыс, достар көп күш-жігерді алады. Өзіңізді бақылауға алыңыз. Үй мен жұмыста тыныштық болғанын қаласаңыз өзгелердің ережесін қабылдай салыңыз. Жұмысқа бар күш-қуатыңызды салыңыз. Ерлі-зайыптылар арасында күйзеліс болуы мүмкін. Барынша серігіңізді ренжітпей, келісім жасаңыз.
  
Егіздер
Қызығушылығыңыз үлкен. Рухани қажеттіліктеріңізді қанағаттандырыңыз. Бірақ бойкүйездікке бой алдырмаңыз. Айналаңыздағылар қатыгез. Кез келген уақытта аяғыңыздан шалуы мүмкін. Жұмысыңызға жауапты болыңыз. Бұл материалдық игіліктерге жол ашады.
 
Шаян
Ниет пен мүмкіндікті үйлестіріңіз. Ішкі «Меніңізбен» келісе жұмыс істеңіз. Дұшпандарыңызды қарғамаңыз, керісінше алғыс айтыңыз. Айналаңыздағыларға талап қоюдың қажеті жоқ. Сіз бұл аптада олардың қажеттіліктеріне тәуелдісіз. Сүйікті ісіңізге уақыт табыңыз. Шығармашылығыңыз шабытты болмақ. Сезімге бой алдырғандарды махаббат машақаты күтіп тұр.
 
Арыстан
Жеке өміріңізде жайсыздықтар көп болады. Ықпалыңызды, тәуелсіздігіңізді сақтауға тырысыңыз. Отбасын сақтауға бар күшіңізді салыңыз. Үйдегі мәселелерді отбасы мүшелерімен бірлесіп шешіңіз. Арандатуға бой алдырмаңыз.
 
Бикеш
Құпияның барлығы ашылады. Күдігіңіз расталып, елес-қиялыңыз тарайды. Соңында эмоцияға бой алдырасыз. Сондықтан жұмысыңызда жанжал туындаса олардан қашпаңыз. Негативіңізді жеңе біліңіз. Қызметіңізде үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Сәтсіз бағдарламалардан жаңа жобаларға жол ашылады. Жаңаны үйреніңіз.
  
Таразы
Өмір – бұл ойын. Шығармашылық фантазияларыңызды іске қосыңыз. Көңіл көтеріңіз, сүйіңіз. Қарыздарыңызды уақытылы қайтарыңыз, айналаңыздағыларға сыйлық жасаңыз. Жомарттық танытыңыз.
  
Сарышаян
Эмоцияңызды бақылауға алыңыз. Туыстарыңызбен, басшыларыңызбен дистанция сақтаңыз. Сыйласыңыз. Түсінбестік, жанжал туындауы мүмкін. Қызметіңізде жақыс жағыңыздан көрініп, отбасында отағасының рөлін мінсіз атқарыңыз. Ең бастысы ішкі «Меніңізді» басқарып, басқаларға дұрыс бұйрық беріп, басшыларға дұрыс бағына біліңіз.
  
Мерген
Шешендік өнеріңізді көрсетуге зор мүмкіндіктер бар. Бірақ көп сөйлеп қоймаңыз. Құпия ақпаратқа қолжеткізсеңіз оны уақытында және керек жерінде шығаруға тырысыңыз. Алаяқтарды су бетіне шығарыңыз. Қайырымдылық жасаңыз. Мұқтаж жандарға көмек жасау арқылы болашағыңызға жол ашасыз. Ренжіткендерді кешіру рухы мықты жандардың ісі және бұл сізде бар!
  
Тауешкі
Өз-өзіңізге дұрыс баға беріңіз. Достарыңызға жомарт болыңыз. Іште жиналып қалған агрессияның жарылуына жол бермеңіз. Жеңе біліңіз.
  
Суқұйғыш
Ерлі-зайыптылар арасындағы үйлесім мен әріптестер арасындағы түсіністік арқылы ғана жеңіске жетесіз. Жалғыз өзіңіздің шаңыңыз шықпайды. Сондықтан ұжымдық ойында жинақы болыңыз. Қазір қызметіңіз де, бизнесіңіз де дағдарыста. Кәсіби шеберлік танытып, серіктестік орната біліңіз.
 
Балық
Жаңа сценариймен өмір сүріп көріңіз. Өзгелердің проблемаларын шешіңіз. Жұмыста жүктеме көп болады, аянбай тер төксеңіз қайтарымы да соншалықты болады. Оаңаша қалуға тырысыңыз. Күш жинап, санаңыз сергиді. Түйінді мәселелерді шеше аласыз. Егер ауырсаңыз, жұмыс кестесін ретке келтіріп, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.
 
Дереккөз: Сегодня
нравится:    719
Теги: Главная, Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии