Кербез
10 қазан 15:10
​Әр күнге арналған тиімді 8 дағды

Шаршағандық, күйзеліс пен жалқаулыққа жол жоқ!  Күн  сайын осынау қарапайым 8 дағдыны орындауды әдетке айналдырыңыз және сіз өмірдің тамаша бола түскендігін бірден байқайсыз.

1. Қошемет айтыңыз
Даяшының сырғасы ұнап қалды ма? Оған бұл жайында айтыңыз және екеуіңіздің де күндеріңіз жарқын бола түседі. Альтуристердің көңіл-күйі көтеріле түседі – таяуда ғана Нью-Йорк университетінде мадақ сөздердің адамның психикасына қалай әсер ететіндігін зерделей келе осындай қорытындыға келген. Егер сіз оны шын жүректен айтар болсаңыз, онда әсері де біршама күшейе түседі. Демек, мадақ сөз айтудың реті шынымен де келіп тұрғандығына көз жеткізіп алыңыз.

2. Төсегіңізді жинаңыз
Төсек жабындысын дұрыстап, жастықты қопсыту  бөлмеге тек қана жинақы  реңк бермейді, сонымен қатар төсекті жинау процесінің өзі сізді табысқа жетуге жетелейді. Сіз күніңізді осындай кішкентай дүниеден бастау арқылы шынайы жетістіктерге қол жеткізе аласыз. Аздаған сан дерек: төсек жинайтын адамдардың 72 пайызы өздерін бақытты сезінеді. Ал бұл процедураны жасамайтындардың ішіндегі бақыттылардың үлесі 62 пайыз ғана.

3. Теріңізді ылғалдандырыңыз
Бұл сізге  «мұндай үлкен балалардың анасы болуы үшін сіз тым жас көрінеді екенсіз» деген сөзді жиі естуге мүмкіндік береді.  Ғылым терісін тұрақты түрде ылғаландыруға назар аудармайтын адамдарда әжім екі есе тез пайда болатындығын дәлелдеген. Ендеше теріні ылғалдандыру сіздің әр таңертең және кешкісін жасайтын рәсіміңізге айналсын.

4. Түскі асты дұрыс ішіңіз
Біздің әрбір үшіншіміз түскі асты жұмыс үстелінде ішеді. Іс жүзінде  PowerPoint-тен кезекті аса маңызды тұсаукесерден көз алмай отырып бір-екі бутербродты тез-тез жұта салу – бұл азық-түлікті ауыстырып қойғанмен бірдей. Ғалымдар өздерінің заңды үзіліс уақыттарында әріптестерімен бірге асықпай түскі ас ішуге жұмсаған адамдар күннің қалған жартысында өздерін біршама жайлы өткізетіндігін анықтаған. Жалғыз отырып та ас ішуге болады, ең бастысы өзіңе бөлінген уақытта жұмыс процесінен алшақтау қажет. Сонда түскі астың да сізге пайдасы мол болады.

5. Су ішіңіз
Америкалық ғалымдар жүргізген бірнеше зерттеу бірдей қорытындыға келген: құрғау барлық уақытта да сіздің көңіл-күйіңізге, энергия қорыңыз және назарыңызды бір нәрсеге аудару қабілетіңізге әсерін тигізеді. «Суды жеткілікті деңгейде ала алмаған әйелдер жұмыстың біршама ауыр жүргендігін атап өткен», - деп жазады зерттеу авторларының бірі. Сондықтан да барлық уақытта қолыңызда бөтелкедегі су болсын.

6. Спортқа арналған киіміңізді кешкісін дайындап қойыңыз.
«Егер  таңертең тұрған бетте сізге уақытты шұлығыңыздың екіншісін және футболка іздеуге жұмсауға тура келетін болса, онда таңғы жүгіруге шығуыңыз да біршама қиындық тудырады», - деп тәжірибесімен бөліседі  Дженнифер Лопестің және өзге де Голливуд жұлдыздарының жаттықтырушысы Гуннар Петерсон.

7. Телефонды шектеңіз
Өз үйіңізде мынадай қарапайым ереже енгізіңіз: тамақ дайындау барысында ас бөлмеде ешқандай смартфон болмауы тиіс. «Ас бөлмесі – бұл біз бір-бірімізден сөйлесу үшін жиналатын орын», - деп жазады Шерри Теркл «Одиночество вместе: почему мы ожидаем больше от технологий и меньше друг от друга» деп аталатын кітабында.

8. Әңгімешіл болыңыз
Ешкімнің де әр күні кешкісін құрбыларымен кездесуге уақыты бола бермейді. Бірақ мынау жайында ойланыңыз: әңгімелесуден қашатын адамдардың денсаулығына келетін тәуекел күніне 15 шылым шеккенмен бірдей. Шешімі қандай? Қандай әдіспен болса да өзіңізге қымбат жанмен байланысқа шықсаңыз жеткілікті. Тіпті мұны жасау үшін шұғыл себебі болмаса да хабарласыңыз.

Дереккөзі: zhenskoeschastie.com

Комментарии




Яндекс.Метрика