|    |  
16 қазан 2019
22:22
қаз
Әр саусақтағы сақина адам мінезін айғақтайды
03 сәуір 2017, 17:42 102
Саусаққа сақина тағудың тарихы тереңде. Оның тылсымы да жоқ емес. Ендеше ескеріңіз


 
Бас бармақ – Марс

 


Бас бармақтағы сақина сол адамның күш-қуаты көп, эмоционалды екенін білдіреді. Әдетте бірбеткей, ашушаң, өр мінезді келетін жандар. Олармен дауласудан пайда жоқ. Соңында өкінетінін біліп тұрса да, өз дегенінен қайтпайды. Сөйте тұра өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін жақсы біледі.
 
Сұқ саусақ – Юпитер
 


Сұқ саусақтағы сақина «билікті» білдіреді. Юлий Цезарь, кардинал Ришелье, Иван Грозный, Генрих VIII секілді аңыз тұлғалардың көпшілігі сақинаны сұқ саусағына тағатын болған. Сақинаны осы саусағына тағатын адамдарға билікке ұмтылу, еркін мінез тән. Егер адам сақинаны оң қолының сұқ саусағына тақса ақылдылықтың белгісі. Ал егер сол қолына тақса өз-өзіне деген сүйіспеншілік пен жоғары пікірді білдіреді.
 
Астрологтар өз-өзіне сенімсіз, шешім қабылдауда көп ойланатын адамдарға сақинаны сұқ саусағына тағуға кеңес береді. Бұл оларға неғұрлым сенімді болуға, өз бағасын көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ өмірге сәттілік пен табыс әкеледі. Әсіресе алтын жүзіктер таққан дұрыс.
 
 
Ортаңғы саусақ – Сатурн


 
Сақинаны ортаңғы саусағына өз-өзіне сенімді, өз-өзін жақсы көретін және жоғары бағалайтын адамдар тағады. Үнемі жолыңыз болмайтын болса сақинаны ортаңғы саусағыңызға тағып көріңіз. Сатурн сәттілік шақырады.
 
 
Аты жоқ саусақ – Күн


 
Ең алдымен адамның отбасылы екенін көрсетеді. Бұл дәстүр ежелгі египеттіктерде пайда болған. Алғашқыда неке жүзіктері шыны мен керамикадан, темір мен қоладан жасалған. Ал алтын сақиналар III-IV ғасырларда пайда болған. Алтын күн металы ретінде махаббатты күшейтеді.
 
Аты жоқ саусақтағы сақина иесінің өнер мен талғамға тәнті екенін көрсетеді. Әдетте актерлер, суретшілер, шығармашылық адамдар көп тағады. Алтын адамға шығармашылық шабыт бітіріп, табысқа жетелейді.
 

Шынашақ – Меркурий

 


Меркурий дипломаттардың, кәсіпкерлердің, шешендердің, дәрігерлердің, саясаткерлердің планетасы. Сондықтан ақыл мен айладан кенде қалғандардың барлығы сақинаны шынашағына тақса болады. Шынашақтағы сақина іскерлік қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.Сондай-ақ адамның құбылмалылығын, құмар ойындарға әуестігін білдіреді.
 

Бақайлардағы сақина
 


Өзгелерден ерекшеленуді көрсетеді. Адамның өз-өзін жоғары бағалауын білдіреді.
 
Дереккөз: vmirechudes.com


Жаңалықтар