|    |  
19 ақпан 2019
13:47
қаз
Әр жұлдызнама белгісінің басты кемшілігі
10 желтоқсан 2018, 10:43 16

Сіз өмірде еш кемшіліксіз адамды кездестіріп немесе мұндай адам бар деп ойланып көрдіңіз бе?

Өзіңіздің ең басты кемшілігіңізді көру үшін төмендегі жұлдызнама белгілері туралы ақпаратты назар салып оқыңыз.

Тоқты (21 наурыз — 19 сәуір)

Сіз өте шыдамсыз адамсыз, кез келген кешігу сізге уайым. Сіз қарқынды әрі агрессивті тұлғасыз, сондықтан жайбасарлықты жаныңыз сүймейді. Сіз үнемі бірінші болғанды қалайсыз, сол себепті де жұмыста өз талантыңызды әр қырынан көрсетуге тырысасыз.
Естен адаспас үшін сізге белсенділік пен бәсекелестік қажет, алайда шегімен әрине. Десе де, өзіңізді үнемі күтіп жүріңіз, жаман қасиетіңіз қылаң беріп қалуы да ғажап емес.

Торпақ (20 сәуір — 20 мамыр)

Сіз бірбеткей және келісімді ұнатпайтын адамсыз, сол себепті кешірімге де бара бермейсіз. Өз тобыңыздағы адамдарға жақсы көзқараспен қарайсыз. Сіз өміріңіздегі күтпеген және жағымсыз өзгерістерге ұрынбас үшін адал адамдарға сеніммен қарайсыз. Әр адамның өз кемшілігі бар, бірақ сіз өзгелерге мазақ болғанды ұнатпайсыз, шыдамай қаласыз.

Егіздер (21 мамыр — 20 маусым)

Барлық жұлдызнамалардың ішіндегі бір шешімге келе алмайтын жан сізсіз. Сіздің өмірге деген құлшынысыңыз жақсы, ал кейде шаршаңқы кейіп танытасыз. Бұл сіздің іс-әрекетіңізден көрініп тұрады.
Сонымен қатар сіз кейде тым жалықтырып жібересіз. Егер сіз өзіңізге сәл ғана сенімді болсаңыз, өзіңіздің пікіріңізді дәлелдеп шығуға қабілетті бола түсеріңіз анық.

Шаян (21 маусым — 22 шілде)

Сіздің өзіңізге деген сенімділігіңіз жоқ, сол себепті айналаңызда бәрін де күрделендіріп жүресіз. Сіз сонымен қатар сынды да қиын қабылдайсыз. Әлсін-әлсін айналаңыздағылардың бәрінен күдіктеніп, ұрыс-керіс тудыруға шақ жүресіз. Біреуге сенім арту сіз үшін өте қиын.
Сіздің көңіл-күйіңіз де тез өзгеріп отырады, құбылмалы, өзіңізді қауіпсіз сезіну үшін айналаңызды пайдаланып отырасыз. Ең басты құпияңыз - өз жеке өміріңізді құпия ұстау.

Арыстан (23 шілде — 22 тамыз)

Сіз кей кездері тым өркөкіректік танытасыз, сол себепті сізді түсіну қиынға соғып жатады. Қырсықтығыңыз бен қыңырлығыңыз да жоқ емес. Кейде шындыққа тура қарау қиынға соғатыны да рас.
Сізге тіктелген назардың бәрі де оң әрі керемет деп ойлаудан сақ болыңыз.

Бикеш (23 тамыз — 22 қыркүйек)

Бәлкім сіз бұл мақаланы оқып шығып, кемшіліктерін де тізіп отырған шығарсыз. Бақылағанды қойып, бірер сәт болсын тынығып алыңызшы. Осылай істесеңіз, таныс-тамырларыңыз сізге алғысын айтары анық.
Әлемде идеалды нәрсенің жоқ екендігі рас, мұны мойындайсыз. Сіздің жоғары талабыңызға көп нәрсенің жауап беруі де екіталай. Тіпті сіздің де кейде сәйкес келмейтін тұстарыңыз бар.

Таразы (23 қыркүйек — 22 қазан)

Кей кездері сізге өзіңіздің идеалды тұлға емес екеніңізді түсінген абзал. Өзіңізбен өзіңіз тұйықталып, ойыңыз бен сезіміңізді жасырып қалғанды қойыңыз.
Көпке жағу мүмкін емес, тіпті біреуге кесіріңіз тиюі де мүмкін. Өзгелерді қалай кешіресіз, өзіңізге де солай кешіріммен қараңыз.

Сарышаян (23 қазан — 21 қараша)

Сіз мықтысыз, алайда айналаға сенімсіздік танытып, жүректерін ауыртудың қажеті жоқ. Ашылып, тұлға ретінде өзіңізді көрсеткеніңіз дұрыс.
Бәрін сарапқа салып, нені таңдау керектігін отырып ойлану қажет. Бәрін бақылаудың қажеті жоқ, көпшілік нәрсеге назар аудармасаңыз да болады.
Ағынмен жүріп отырыңыз, сізде бәрі де жақсы болатынын ұмытпаңыз.

Мерген (22 қараша — 21 желтоқсан)

Мергендер, сіздердің де адамдарға ашыла түскеніңіз абзал. Қашып кеткенді қою керек.
Көңіліңізді аудара алатын, шешіліп сөйлесе алатын адамдарды тапқан дұрыс. Адал болуға, өтірік сөйлемеуге талпынған абзал.

Тауешкі (22 желтоқсан — 19 ақпан)

Өмірге жақсы көзқараспен қарауға тырысыңыз. Сіздің білетініз өте көп, алайда түсіну аз. Білу және ұғыну екі басқа нәрсе екенін түсінгеніңіз абзал.
Бұл сізді өркөкірек болудан сақтайды. Бәлкім сізге бір нәрсе немесе әлдекім ұнап қалар, кім білген?!

Суқұйғыш (20 қаңтар — 18 ақпан)

Сіз ойлаудың орнына сезе білуді үйрене алар ма екенсіз? Сіз барынша ақылды жансыз, алайда сіздің миыңызда эмоцияға ерік беріліп қояды. Бар болғаны, алдымен түйсініп алу артық болмайды. Егер өзгелермен етене аралассаңыз, өзіңізді жалғыз сезінбейсіз.
Сіз айналаңыздағы адамдармен үнемі қарым-қатынас жасайсыз, алайда оларға назарыңызды мүлде бұрмайсыз. Сол себепті де жалғыздықты жиі сезінесіз.

Балықтар (19 ақпан — 20 наурыз)

Көңіл-күйге беріліп, кінәлауды емес, сенім артуды үйреніңіз. Көңіл-күй мәңгілік емес және әрдайым бірдей болмайтыны да анық. Үнемі қайғыға берілмес үшін кешірімді бола біліңіз.
Егер сіз өз кемшілігіңізден оғаш қылық көрмесеңіз, өткеннен қорыққанды қойып, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.

Дереккөз: Клубер


Жаңалықтар