|    |  
23 қаңтар 2020
21:45
қаз
​Әр жұлдызнама белгісінің өзіндік мықты түйсіктері бар: біреуі тыныш болса, енді бірі өте сезімтал келеді
10 қыркүйек 2018, 14:50 68

 
Бір адамдар өзгеге көмектесу үшін өмір сүреді. Олар табиғатынан адал және өздері жақсы көретін адамдарға көмектескісі келіп тұрады. Енді біреулері өзгенің проблемаларымен бас ауыртқысы келмейді, ал үшіншілері бәрін тастап, көмекке келуге әрқашан әзір. Ендеше, жұлдызнама белгілері табиғатынан қандай түйсіктерге бой алдырған?

Тоқты

Тоқтылар - өте мықты тұлғалар. Олар проблемадан еш қашпай, қиын жағдайда өзгенің туындаған мәселесін шешуден қорықпайды. Егер сіз дәл осы жұлдызнама белгісінің жанында болсаңыз, өзіңізді қауіпсіз сезінесіз және оның үнемі сізді қолдап, демеу болатынын білесіз.

Торпақ

Торпақтар тыныштықты сақтап, эмоцияларын себепсіз білдірмеуді мақсат тұтады. Олардың салқын қандылығы кез келген мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Олар доспейілді болса да, тұйықтау келеді, алайда бұл олардың жақын адамдарын қорғай алмайды деген сөз емес.

Егіздер

Егіздер тым ашық және екі көзқарасты ұстанады, сондықтан ұрыс-керіс пен проблема туындағанда екі жағын да қабылдай алады. Олардан ешкімді де ренжітпей, өз қарсыластарын тыныштандыра білетін ұлы елшілер шығатыны анық.

Шаян

Шаяндар сүйетін адамы ұшін өз өмірін беруге бар. Олар қамқор және ыждағатшыл, кейде өздерін де ұмытып кетеді. Егер сізге көмек қажет болса, оны шаяндардың сізге сөз жоқ көрсетері анық.

Арыстан

Арыстандар – өз-өзіне сенімді, батыл адамдар, олар кез келген жағдайды реттей алады. Олардың сенімділігі айналасының мақтауы десе де болады, дәл осы мақтау-мадақтау оларды өз-өзіне сенімді етеді. Егер арсытанға біреуді не өзін қорғау қажет болса, ол өте қатты қаһарын көрсете біледі.

Бикеш

Бикештер өте ақылды келеді, олар әлемді басқаша көреді және олардың ойлау жүйесі тіптен керемет. Бұлар өз уәждеріне сенімді мықты тұлғалар. Олар адамды және жағдайды анағұрлым тереңнен түсінуі мүмкін. Кейде олардың кеңестері өте қажет болып тұрады.

Таразы

Таразы әрдайым көңілді жүріп, өмірге немқұрайлы қарауы мүмкін. Олар үшін маңыздысы - адамдардың өз қалауымен өмір сүруі. Егер бұл жұлдызнама белгісін торға қамап, шектеу қойса, олардың рухани дамуы тежелуі ықтимал.

Сарышаян

Сарышаяндар қызба әрі аяусыз тұлғалар болып есептеледі. Олар өз құрбанын нағыз кемшін тұсынан ұрғанды ұнатады, бұл ретте ешқандай аяушылық сезімін сезінбейді. Сарышаяндардың табиғи түйсігі негізінде өзіне қымбат жандарды қорғау, сол себепті олар мұны өз міндеті деп таниды.

Мерген

Мергендерді мәдениет қызықтырады және үнемі саяхаттағанды ұнатады. Олар өз ережелерімен өмір сүреді, кезекті шытырман оқиғаны күтеді. Егер дәл ертең әлемнің бір шетіне оларды бірге жол жүруге шақырса, олар ойланбастан келісе кетуі мүмкін.

Тауешкі

Тауешкілер көшбасшылық қабілетке ие  және еңбекқор келеді. Олар кез келген жауапкершілікті ала алады, бірқатар міндеттерді атқарады және өзгелерге де қол ұшын береді. Егер бұл белгі бір істі бастаса, ол істі аяғына дейін жеткізбей тынбайды.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар өздерін еркін сезінеді және шығармашылықта өздерін көрсете біледі. Олар әлемге бала көзқараспен қарай алады: ерекше дүниелерді, өзгерістерді күтеді. Олар әлемдегі бар нәрсе туралы білгісі келеді және өзіне тың ақпараттарды жинақтағанды ұнатады.

Балықтар

Балықтар өте сезімтал әрі тез ренжігіш адамдар, сондай-ақ олар адамды жақсы тыңдай біледі. Егер сізге эмоционалды қолдау қажет болса, міндетті түрде балықтарға айтыңыз. Сіз олардың иығында жылауыңызға да болады, өйткені олар сізді түсіне алады.

Дереккөз: moimozg.ru


Жаңалықтар