19 Октябрь
07:59
Астана: 5 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
1 тамыз 12:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Араб әлеміндегі ең ықпалды әйел

 
Араб әлеміндегі әйел заты – хиджаб пен паранжа киген, отбасы, ошақ қасында бала-шағасының жағдайын жасап отырған жан бейнесінде.  Бірақ бұл қағиданы бұзған әйелдер бар. Оның бірі әрі бірегейі - Моза бинт Насер аль-Миснед. Катардың бұрынғы әмірінің бірінші тоқалы. Оның көпшілік алдындағы стилі араб әлемі үшін – тағылық. Бірақ Катардың бұрынғы әмірі әйеліне хиджабын шешіп, еркін киінуге ғана емес, елдің мемлекеттік істеріне араласуға рұқсат берген.


                                                 Жұбайы Хамад бин Калиф әл-Танимен

Шейх Моза бинт Насер аль-Миснед — Катардың бұрынғы әмірі Хамад бен Калиф-әл-Танидың үш әйелінің екіншісі және оның жеті баласының анасы. Моза Катардың мұрагер ханзадасымен 18 жасында танысқан. Катар университетінде психология мамандығы бойынша білім алып, Американың белді университеттерінде іс-тәжірибеден өткен.


 
1995 жылы Мозаның күйеуі Хамад елде қан төкпей-ақ төңкеріс жасап, өз әкесін тақтан тайдырып, Катардың әмірі атанады. Білімді Мозаның да жолы осы сәттен бастап ашылады. Гуманитарлық және қайырымдылық бағдарламаларына жетекшілік ете бастайды. Бірақ жұртшылықты таң қалдырған бұл емес, оның киіну стилі еді. Себебі бұл елдегі әйелдерге Мозаның стилінде киіну, шалбар кию жат.
 


Моза қазір Катардың білім беру қорының, ғылым және қоғамдық даму қорының басшысы, Отбасы мәселелері жөніндегі жоғарғы кеңестің президенті, Білім беру жөніндегі жоғарғы кеңестің вице-президенті, ЮНЕСКО-дағы арнайы елші.
 

                                               Жұбайы Хамад бин Калиф әл-Танимен

Моза бірнеше қор құрып, жұмысын жүргізуге зор ықпал жасаған әйел. Ол құрған қорлардың алғашқысы - Араб демократиялық қоры. Әмір күйеуі аталмыш қорға 10 млн доллар көлемінде алғашқы жарна салған. Катардың астанасы Доха қаласының маңында «Білім беру қаласын» салып, студенттерге дәріс оқу үшін Америка университеттерінің көрнекті профессорларын алдыртқан. Сондай-ақ кедей елдер мен әскери жанжалдардың ошағына айналған елдердің (барлығы 34) балаларына бастауыш білім беру үшін  Educate A Child («Балаға білім бер») деп аталатын қор құрады.  Ал, 2008 жылы Катардың ғылым және технология паркін ашады. Аталмыш паркке Microsoft, Shell және General Electric сынды әлемдік ірі компаниялардан 225 млн инвестиция тартылған.
 
 
                             Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ және ханзада Чарльзбен

Мозаның өзінің Вирджиния, Техасс, Карнеги-Мелон, Джорджтаун университтеттерінен алған докторлық атақтары бар.
 
 

Мозаның әмір күйеуі Хамад бен Калиф-әл-Тани 2013 жылы тағын өз еркімен бас тартып, Мозадан туған ұлы Тамимге билік тізгінін тапсырды. Ал Тамим Хамадтың үш әйелінен туған жиырма жеті ұлдың бірі. Мозаның екінші ұлы.
Осы оқиғадан кейін Мозаның күйеуіне ықпалы туралы әңгімелер аңыз болып айтыла бастады.


                            Мозаның ұлы Тамим бин Хамад әл-Тани, Катардың қазіргі әмірі
 
Бейресми дереккөздері оның пластикалық оталарға 2 миллион доллар жұмсағанын жазады. Ал Моза ханымның қорында жұмыс істегендер оның табандылығы мен амбициясын таңданыспен сөз етеді. Мозаның ықпалы Катарда ғана емес. «Форбс» журналы Мозаны әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің санатына қосқан.
 
Дереккөз: missmodern.ru
нравится:    1188
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии