26 Сентябрь
08:01
Астана: -2 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Туризм
14 тамыз 14:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әрбір турист білуі тиіс 7 қағида
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші дүниежүзіндегі халықтардың бір-біріне ұқсамайтын мәдениеті мен  өмір сүру қағидаттары бар. Сондықтан да әрбір турист саяхатқа шықпас бұрын өзінің баратын елінің ережесін, ғұрыптарын аз да болса зерттеуден өткізгені жөн деп білеміз. Төменде осы бағытта туристер үшін бірнеше кеңестер ұсынылған. Бұл бөгде елде ыңғайсыз жағдайларда қалмауға септігін тигізері сөзсіз...

1. Жапондықтардың үйіне аяқ киіммен кіруге болмайды. 



Жапонияда және кейбір шығыс елдерінде үйге немесе шіркеуге кірер алдында аяқ киімді міндетті түрде шешу қажет.


2. Күрішке таяқшаларды (хаси) сұғып қоюға бомайды.



Тамақ жеуге арналған таяқшалармен байланысты түрлі ғұрыптар бар. Ол ғұрыптарды міндетті түрде сақтау қажет. Оны сілтеуші ретінде пайдаланбаңыз және ешқашанда күріш салынған ыдысқа оның тігінен сұғып қоймаңыз. Бұл жерлеу рәсімінде жасалатын ғұрыптардың бірі.

3. Қытайлықтармен сөйлескен кезде аты мен тегін шатастырып алмаңыз.



Қытайлықтарда бірінші тегі және сосын атын жазу дәстүрлі қалыптасқан. Олар бұған ерекше мән береді.  Мәселен, орыстарда Иван Петров болып жазыла берсе, қытайлықтарда Ми Вонг Чи деп жазылады, мұнда Ми Вонг- тегі, ал Чи-  аты.

4. Туристер гүл сыйламас бұрын жергілікті тұрғындардың пікірлерімен алдын-ала санасып, қанша тал гүл және қандай гүл сыйлауға болатындығын ақылдасқаны дұрыс.



Мәселен, Германия, Швеция және Польшада қалампыр гүлін тек жерлеу рәсіміне алып келеді. Ал  бұл мақсатта Түркия, Франция, Бельгия, Испания және Италия сияқты елдерде  бақыт гүлі пайдаланылады. Франция және Австралия сияқты елдерде романтикалық кездесулерге қызыл раушан гүлі тарту етіледі. Чили мен Мексикада сары гүлдер қайғыны білдіреді. Қытай мен Индонезияда тақ санды гүл беруге болмайды. Ал, Ресей, Үндістан, Түркия және Германия сияқты елдерде керсінше.

5. Филиппин, Малайзия және Таиланд сияқты елдерде басқа жанасуға қатаң тыйым салынған.



Өйткені будда дінін ұстанатын елдерде бас ең қасиетті мүше болып саналады, олардың түсінігінше онда адамның жаны өмір сүреді. Басқа қол тигізу, шашын сипаудың өзі  жергілікті тұрғын үшін қорлау болып есептеледі.

6. Жақсылық нышаны ретінде бас бармақты көтеру.





Мұндай әрекеттермен көрсетілетін белгілерді Иранға барғанда көрсетпеңіз. Өйткені мұны жергілікті тұрғындар дұрыс түсінбей, ғайбаттап тұр деп ойлап қалуы әбден мүмкін. «ОК»  белгісі түріктер мен бразилиялықтардың пікірі бойынша ғайбат көрініс. Ол белгі олардың түсінігінде  адам дененің интимді бөлігін білдіреді.

7. Мұсылмандарға спирттік өнімдерді және доңыз терісінен жасалған өнімдерді сыйға тартпаңыз.




Өйткені ислам дінінде аталған өнімдерге тыйым салынған.

Дереккөзі:  http://www.discoverburabay.ru/











 
 
нравится:    964
Теги: Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии