|    |  
14 желтоқсан 2018
08:00
қаз
Ардана Кәденова «Мисс Азия-2016» атағын жеңіп алды
30 қыркүйек, 15:10 995


Ливанда өткен Miss Tourism Universe 2016 сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғаған шымкенттік ару Ардана Кәденова «Мисс Азия-2016» атағын жеңіп алды. 

Бұл туралы мәліметті 21 жастағы модель өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөліскен.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Бакуде өткен Miss Union сұллар байқауында бесінші орынды иеленген Ардана Кәденова қазылар алқасының ілтипатына ие болып, Miss Tourism Universe 2016 конкурсына шақыруға қол жеткізген болатын.

45 елдің арулары бақ сынасқан Miss Tourism Universe 2016 сұлулық байқауында қаракөз қызының жеңіске жеткені туралы хабарды қалың қазақ елі қуана қабылдады.



Айдар Жанай

 


Жаңалықтар