|    |  
20 қазан 2019
16:12
қаз
Әрдайым өз пікірлерін дұрыс деп есептейтін 6 жұлдызнама белгісі
15 тамыз 2018, 10:42 43
Олар дұрыс емес болса дұрыс. Олар осылай қалыптасқан. Бұған себеп жұлдыздардың дәл солай орналасуы! Ендеше, өзінің дұрыс еместігін еш мойындамайтындар кімдер?



Таразы

Адамдарды ырқына көндіру – Таразылардың ең басты айналысатын істерінің бірі. Мұндай жағдайда барлығында да дұрыс істемеу мүмкін емес қой. Бұған қоса, орын алған жағдайға байланысты шындық әртүрлі, тіпті кейде мүлдем қарама-қайшы да болуы мүмкін. Шындық, тіпті түбегейлі шындық та маңызды емес – маңыздысы сізді Таразылардың қалауынша әрекет етуге мәжбүрлеуі. Ал мұндай жағдайда өзінікі дұрыс екендігін сеніммен ойнай білу қажет.

Балықтар

Өркөкіректік Балықтарға өздерінікі дұрыс еместігін мойындауға мүмкіндік бермейді.  Егер өздерін жеткілікті деңгейде елемейді, не болмаса лайықты назар аудармайды деген ойлары болса,  онда олар өдеріне назар аудартқанды қалайды. Өз дегендеріне барлығына деген наразылығы үшін соңына дейін тұрады. Сондықтан да аталған белгі өкілі өзінің көзқарасын білдіретін болса, онда оны көндіруге тырысудың еш қиысыны жоқ. Тыңдаңыз, келісіңіз, алайда қалай жасау қажеттігін өзіңіз шешіңіз. Бұған қоса, бұл Балықтарды мұнан әрі қызықтырмайды да. Себебі оған жеткілікті назар аударылған.

Тоқты

Еш уақытта және қандай жағдай болса да өзінің бастапқы көзқарасынан таймайды. Тіпті өзінің қателікке бой алдырғанын түсініп тұрса да айтқан бетінен қайтпайды. Ешқашан және қандай жайт орын алса да – тіпті өзіне зиян тиетін болса да. Өйткені, бұл оның көзқарасы – және де ол барлық уақытта да дұрыс.  Оны жайына қалдырыңыз – әйтпесе сіз және ол мән-жайды анықтау үшін көптеген уақытын шығындайды. Бірақ, әркім де өзінікін дұрыс деп естейді.

Торпақ

Торпақтардың бірбеткей әрі табанды мінезі оларға өз қателіктерін мойындауға мүмкіндік бермейді. Торпақтар еш уақытта берілмейді! Тіпті, дау тудырмайтын және нақты фактілерді ұсынған жағдайда да. Дегенмен, дұрыс мағына барлық уақытта дәлел ретінде қабылданады. Бірақ, барынша мықты әрі барынша беделді адамнан ғана.

Егіздер

Екібасты «құбыжықтар». Әдетте бұл екеуінің жеке-жеке өзіндік көзқарастары болады. Егерде Егіздердің екі болмысы өзара қайсысінікі дұрыс екендігін анықтауды бастайтын болса, бейтарап болуға тырысыңыз. Олардың мән-жайды тез арада шешуі тіпті мүлдем шешуі қиындау. Ал бұған дейін сізде Егіздерге қатысты екі пікір болады және ол екеуі де дұрыс. Олардың көзқарасы тұрғысынан. Егер Егіздер өздерінің жартыларының алдында өзінікі дұрыс екендігін мойындата алмаса, онда сізге оның ауылы мүлдем алыс.

Шаян

Шаяндар тым қарайым. Егер Шаян өзінікі дұрыс еместігін мойындайтын болса, онда оған ұзақ уақыт кешірім сұрап, басын иуіне тура келеді. Ал шаяндар бұлай жасағанды жақсы көрмейді.  Оған ең дұрысы өзінікі қате екендігін анық біліп тұрса да, өзінікін дұрыс деп санау! Міне, осындай біршама қызығы бар жұлдызнама белгісі.


Дереккөз: moimozg.ru


Жаңалықтар