Әлем жаңалықтары
7 қыркүйек 10:53
​Аргентина тұрғыны әйелі мен баласын 2 жыл бойы торға қамап ұстаған
Аргентинада ер адам екі жыл бойы әйелі мен ұлын торға қамап ұстаған.



Жаға ұстарлық жағдай Мар-дель-Плата қаласында болды. Тергеу барысында 66 жастағы отағасының оларды үй жануары қорегімен тамақтандырып келгенібелгілі болды. Прокуратура мәліметтері бойынша, қаскүнемнің жақын маңайда тағы екі баласы тұрған екен.

Алайда әкесінен қорыққан олар бұл жағдай туралы ешкімге тіс жармаған. Алдынала мәлімет бойынша, қамауда отырған әйел мен оның баласы жүйке жүйесі аурумен ауырған. Ер адам бұл әрекетке не үшін барғанын түсіндіруден бас тартып отыр. Алдағы уақытта ол психиатриялық тексеруден өтуі тиіс.

Дереккөзі: 24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика