20 Август
21:25
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
21 маусым 10:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Аргентинада Гитлердің жеке нацистік заттары жасырылған құпия қойма табылды


Аргентина полициясы Буэнос-Айрестің маңында өнер туындыларын жинаумен айналысатын бір коллекционердің үйінен нацистік заттар жасырынлған қойманы тапты. Сарапшылар онда сақталған 75 заттың барлығы бұрын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияның жоғары шенді нацистеріне тиесілі болған деген пікір білдіреді, деп хабарлайды Reuters.
 
Атап айтқанда, жасырын қоймадан Адольф Гитлердің мүсіні, антиквариат және жеке қолдану құралдары (свастика бейнеленген браслеттер, кружкалар және футлярлар мен қанжарлар, басты өлшеуге арналған аспап, т.б.) табылған.





Сонымен қатар, табылған заттардың жоғары шенді нацистерге тиесілі болғанын куәландыратын фотолар табылған. Атап айтқанда, табылған фотолардың бірінде Адольф Гитлердің өзі қолына коллекция ішінен табылған үлкейткіш шыныны ұстап тұрған сәті бейнеленген.

"Біз тарихшыларға хабарластық, олар бізге бұл Гитлердің жеке өзі қолданған үлкейткіш шынының түпнұсқасы екенін хабарлады. Біз енді халықаралық сарапшылармен жұмысты жалғастырудамыз", - дейді Аргентина федералдық полициясының бастығы Нестор Ронкалья.





Полиция енді бұл артефактілер Аргентинаға қалай келгенін анықтауға кірісті. Алдын ала болжамдарға сәйкес, оларды үшінші рейх құлағаннан кейін Аргентинаны паналап қашып келген нацистік қылмыскерлер өздерімен бірге алып келуі мүмкін.

Қауіпсіздік министрі Патриция Булрич барлық артефактілер жергілікті музейге тапсырылатынын мәлімдеді.




Естеріңізге сала кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін нацистік басшылар Аргентинада бой тасалаған. Мұнда «Холокоста архитекторы» Адольф Эйхманн өмір сүрген, оны кейін Израиль  барлаушылары ұстап әкетіп, бейбітшілік пен адамзаттың қас жауы ретінде өлім жазасына тартылған болатын. Сонымен бірге, Буэнос-Айресте тұтқындарға қарсы қатыгездікке толы тәжірибелерімен белгілі болған доктор Йозеф Менгеле тұрған. 


Дереккөзі: шетелдік БАҚ
 
нравится:    241
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии