19 Октябрь
03:55
Астана: 5 °C
Алматы: 5 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Туризм
14 маусым 11:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Археологтар дронның көмегімен Петра қаласында көне ескерткішті тапты


Археологтар көне Петра қаласында ұзындығы олимпиадалық бассейнмен бірдей ескерткішті тапты. Көне жұртты ескерткішті сипаттайтын ғылыми еңбек Bulletin of the American Schools of Oriental Research журналында жарияланған. Оның суреттері National Geographic сайтында орналастырылды. 
Петра - біздің дәуірімізге дейін V ғасырда салынып, қазіргі Иорданияның аумағында орналасқан көне қала. Петра ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген.
Археологтар Сара Паркак (Sarah Parcak) пен Кристофер Таттл (Christopher Tuttle) осы аумақта биіктен түскен спутник суреттерін, дрон көмегімен алынған аэрофотосуреттерді пайдаланып көне ғимарат орнын тапты.  Сондай-ақ оны егжей-тегжейлі сипаттау үшін, арнайы зерттеулер жүргізді.
Табылған ескерткіштің ұзындығы 56 метрге жуық және ені 49 метр төрт тағанды құрылыс.
Оның үстінде көлемі 8,5*8,5 метрлік ұсақ платформа тұр. Ғалымдардың пікірінше, ол кезінде ғимарат болған. Ірі платформаның шығыс жағында оған апаратын баспалдақтың соңында орналасқан колонналардың іздері табылды.

3
нравится:    736
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии