24 Август
14:45
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
14 шілде 11:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әріптесі әйгілі дизайнердің терісінен киім тікпек

 
Британияда адам терісінен киім тікпек. Әңгіме 2010 жылы қайтыс болған әйгілі дизайнер Александр Маккуинге қатысты болып отыр. Мұндай идеяны британдық дизайнер Тина Горджанк ұсынды. Ол Маккуиннің ДНҚ жасушаларының  негізінде оның терісін «өсіріп»,  күртелер мен сөмкелердің жиектемесін тікпек. Тина патенттік өтінім беріп, доңыз терісінен болашақтағы коллекциясының үлгілерін тігіп те қойған.
 
Бұл ойды әуел баста Маккуиннің өзі айтқан-ды. Өзінің бірінші Jack the Ripper Stalks His Victims коллекциясында ол лейбл ретінде өзінің пластикке салынған шаштарын пайдаланған еді. Соның көмегімен Горджанк танымал дизайнердің ДНҚ жасушаларын алмақшы.
 


Осы коллекциясы арқылы Тина адамзаттың заманауи технология алдында қаншалықты қорғансыз екенін көрсеткісі келеді.  «Егер мен сияқты студент Александр Маккуиннің биологиялық материалын патенттеп алса, үлкен корпорациялардың неге қауқарлы екенін елестету қорқынышты»-дейді Горджанк. Мұнымен келіспеу қиын. Қызығы, егер Тинаның жобасы жүзеге асар болса адам терісінен тігілген заттарды киетіндер шығар ма екен?
 
Дереккөз: wday.ru
нравится:    800
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии