|    |  
22 қараша 2019
22:49
қаз
​Әріптесін уламақ болған ер адам абақтыға жабылды
04 сәуір 2019, 18:18 46
Американың беркли қаласында әріптесін уламақ болған химик ұсталды.

 
 
Berkeley Engineering and Research компаниясының қызметкері Жун Юань өзі ішіп жүрген суының жағымсыз иісі мен дәмі бар екенін байқаған. Ол тамақтанғаннан кейін бірнеше мәрте жағдайы нашарлаған. Сол тамақты ішкен екі туысқанының да жағдайлары нашарлап, ауырған. Осыдан кейі бойжеткен бақылау камерасын қарап, әріптесінің өзінің суына бірдеңе қосқанын көрген. Содан кейін полицияға арыз жазған. 32 жастағы Дэвид Сюйдің бұл іске не үшін барғаны белгісіз. Ол енді өмір бойы түрмеге жабылуы мүмкін. Ол қыздың суына кадмий қосқан. Кадмий адамның құсқысын келтіріп, диареяға шалдықтырады, көп мөлшерде болса өлімге әкеліп соғуы да мүмкін.

 
Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар