19 Ноябрь
16:31
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
17 шілде 10:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Арктикада мешіт салынуда
Арктикада мешіт салынуда
 

Канаданың  Нунавут арктикалық аймағында мұсылмандар үшін тұңғыш рет мешіт салынуда. 
Құрылысшылар суық климат жағдайында әрі тәулігіне 22-23 сағат ауыз бекіткен күйі тер төгіп, мешіт тұрғызуда, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің сайтында.

Нунавут Ислам қоғамдастығы бас хатшысы Мұхамед Хасан жұмысшылармен сұхбаттасуы кезінде олар тәулік бойы ораза ұстап, құрылыс жүргізуде қиындық түспейтіндігін айтқан.

«22-23 сағат бойы ауыз бекітуге дағдыланған соң аса ауырлық сезінбейсің», - дейді мұсылман ұйымының президенті Саид Асиф Әли.

Канаданың солтүстігіндегі Инувик қаласында тәуліктің 24 сағаты жарық болады. Дегенмен, елде бейресми түрде Мекке уақыты қолданылып, 9 сағаттық айырмашылыққа байланысты күн түнге «ауысады». Жергілікті халық Мекке уақытымен ауыз бекітіп, осындай уақыт көлемінде құлшылық жасайды.

 ҚазАқпарат 
нравится:    872
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии