21 Сентябрь
11:11
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Спорт
5 наурыз 10:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Арландар» әзірбайжан боксшыларын екінші рет жеңді

Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Astana Arlans» топтағы үшінші кездесуінде«Baku Fires» клубын ұтты. Қазақстандық клуб қарсыластарын екінші рет жеңіп отыр.

Баку шаршы алаңындағы жекпе-жектерде қазақ боксшыларының мысы басым болды. 52 келіге дейінгі салмақтаОлжас Сәттібаев Магомед Ибиевті, 62 келіде Закир Сафиуллин Насраддин Мамедовты айқын басымдықпен жеңді.

69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шыммбергенов қарсыласы Тамерлан Абдуллаевқа есе жіберіп алды. Бір төреші шаршы алаңдағы шайқасты тең деп бағаласа, екеуі әзірбайжандық боксшы жеңіске жетті деп шешім шығарды.

81 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Жарманов «Astana Arlans» клубына ерте жеңіс сыйлады. Қазақстандық боксшы үшінші раундта қарсыласы Михаил Даухалявецті техникалық нокаутпен жеңді. Ал соңғы жекпе-жектеНұржан Бекзатов нокдаун алып қалды. Арсланбек Махмудовпен жұдырықтасқан отандасымыз орнынан тұрғанымен, төреші жекпе-жекті жалғастыртпады. Нәтижесінде «Astana Arlans» қарсыластарын 3:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Қарағандыда өткен алғашқы кездесуде де отандастарымыз қарсыластарын 4:1 есебімен жеңіп, мықтылықтарын мойындатқан болатын.

massaget.kz
нравится:    587
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии