16 Август
23:27
Астана: 15 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
5 маусым 15:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Арман Дәулетияров: “МузАРТ” нағыз патриот болса, миллиондардың алдында дәлелдеу керек еді
Орталық коммуникациялар қызметінде Муз-ТВ ресейлік музыкалық телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров бүгін кешке өтетін «МузТВ 2015 сыйлығы. Гравитация» салтанатты кешіне «МузАРТ» тобының қатыспаймыз деген мәлімдемесіне қатысты пікірін білдірді.



«Мен әлеуметтік желіде «МузТВ 2015» сыйлығына және оған қатыспаймыз деген «МузАРТ» тобының мәлімдемесіне қатысты әлеуметтік желілерде туындаған тартыстар жайында хабардармын. Әрине, кейбір әріптестеріміздің «тырнақ астынан кір» іздейтін әрекеттері қатты қынжылтады. Дегенмен, мен ондайларға аса мән бермеуге тырысамын», – деді Арман Дәулетияров.

Қазақ әншілерінің атағын Қазақстаннан тыс жерге жеткізу үшін қаншама миллиондаған аудиторияның алдында өз партиоттығын дәлелдеулері керек еді

«Мен шын мәнінде жігіттердің неге ондай шешім қабылдағанын түсінбедім. Егер олар өз елінің нағыз патриоты болса, желінің арғы жағынан отырып алып мәлімдеме жасағанша, қазақ әншілерінің атағын Қазақстаннан тыс жерге жеткізу үшін қаншама миллиондаған аудиторияның алдында өз партиоттығын дәлелдеулері керек еді, халқын, мемлекетін қалай сүйетіндерін сол аудитория алдында жариялаулары керек еді. Әрине, егер олар бүгін қызыл кілемнен табылмай жатса, өкінішті. Мен «МузАРТ» тобының өнері, жасап жатқан еңбектері жайында жақсы білемін. Өте талантты жігіттер. Ал егер пікірлерін өзгертіп, келіп жатса, оларға «Муз-ТВ» жүлдесі салтанатты кешінің есігі әркез ашық», – деді ресейлік музыкалық телеарна бас директоры.

Сондай-ақ ол бүгін кешке өтетін мега-жоба Ресей үшін де, Қазақстан үшінде маңызды әрі екі ел арасындағы достықты нығайта түсуге септігін тигізеді деген пікірін жеткізді.

Еске сала кетейік, Сәкен Майғазиев бастаған “МузАРТ” тобы ресейлік арнаның жүлдесіне арналған кешке барудан бас тартқан еді.

Дереккөзі: BNews
нравится:    700
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии