22 Август
11:35
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Кербез
23 ақпан 14:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Арменияда сәнгерлер көне кілемдегі өрнектерді пайдалана бастады


Арменияда сән әлеміндегі жаңа бетбұрыс. Көне кілемдегі өрнектерді киімге тігу үрдісі қолға алынды. Армения дизайнерлері сәнге айналдырып жатқан өрнектер біздің заманымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта пайда болған. Араға қанша уақыт салып көне дәстүр заманауи сәнмен өзара үндестік тапты. Ұлттық нақыштағы кілемдердегі 27 ою-өрнекке қайта жан бітіріп, трендке айналдырған – Лилит Меликян. Ол киім, жейде мен сөмке және етіктерді де тарихи айшықтармен өрнектеп сәніне сән қосады. Осылайша, оның «көктем-күз» топтамасы көптің көңілінен шықты.

Тагуи Симаворян, мәдени орталықтың сәнгері: - Ахпат кілеміндегі гүлденген крест белгісін қоршаған құстар өрнегі топтамада көп қолданылды. Сонымен қатар лорилік және 17 ғасырдағы инемен тоқылған өрнектерде бар. Аз уақытта сұранысқа ие болған тренд небары екі айдың ішінде көпке танылды. Дизайнерлер ескінің көзі – көне кілемдердің өрнектерін пайдалану арқылы жастардың назарын аударуды мақсат еткен.


Дереккөзі: 24kz
нравится:    786
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии