24 Сентябрь
00:22
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
23 қыркүйек 09:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Арменияда жыл сайын мың мұғалім жұмыссыз қалады
Армения мектептерінде жыл сайын 1000-ға жуық мұғалім штат қысқаруына байланысты жұмыстан шығарылады. Бұл туралы NEWS.am хабарлады.



«Арменияда жыл сайын 1000-ға жуық мектеп мұғалімі штат қысқаруы бойынша жұмыстан қуылады. Ал елдегі мұғалімдердің 80 пайызын әйелдер құрайды», – делінген білім беру технологиясы ұлттық орталығы таратқан хабарламада.

Орталықтың мәліметі бойынша, 2012–2013 оқу жылында Арменияның мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мекемелерінде 40 830 мұғалім жұмыс істесе, олардың 84,3 пайызы әйелдер болған. Ал 2014-2015 оқу жылында шамамен 1000 мұғалім қысқарып, саны 38 483-ке түссе, олардың 84,2 пайызы қыз-келіншектер армиясынан тұрған. Келесі, 2014-2015 оқу жылындағы көрсеткіш бұдан да төмендеген. Тағы 1000 мұғалімімен қош айтысқан армян білім мекемелерінде енді 37 560 оқытушы қалған.

Армения білім және ғылым министрлігі жалпы білім беру басқармасының бастығы Нарине Овенесянның айтуынша, мұғалімдер қатарының ұдайы қысқартылуы бірнеше факторға байланысты жүріп жатыр. «Оқушылардың саны жылда азайып келеді. Бұдан басқа, біз мұғалімдерде, мүмкіндігі болғанынша, толық ставка болуына көңіл бөлеміз. Демек, олардың әрбірі аптасына 22 сағаттан сабақ беретін болуы керек», – деді ол «Новости Армении» тілшісіне берген сұхбатында.

Басқарма бастығы сондай-ақ мектептерде кадрға байланысты проблема жоқ екенін айтты. Тек алыстағы селениелерде ғана кейбір пәндер бойынша тиісті педагогтың болмай қалу фактілері кездесіп қалып жатады. Министрлік қазір бұл проблеманы шешудің барлық жолдарын қарастырып жатқан көрінеді.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    829
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии