23 Сентябрь
11:41
Астана: 0 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
11 шілде 17:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің басшысына шабуыл жасалды


«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Корпоративтік коммуникация және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Зухра Сұлтановаға шілденің тоғызынан онына қараған түні Теміртау қаласында шабуыл жасалды. Белгісіз біреу оған қол жұмсап, пышақпен сес көрсетіп, тұншықтырмақ болған. Жәбірленушінің өзі бұл қылмысты өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады. Қазір ол ауруханада жатыр. Оған ми шайқалу диагнозы қойылған. Бұл туралы Ratel.kz хабарлады.
 
Аталмыш басылымға берген сұхбатында: «Күмәнім жоқ. Бұл тонау емес. Бұл менің атқарып отырған қызметімді босатып, Алматыға кетуім үшін жасалған қорқыту шарасы. Шабуыл жасаған адам маған «Өзіңнің Алматыңа кет. Біз саған ескерттік»-деді. Мен бәз бір адамдардың жолында бөгет болып тұрмын. Маған шабуылды ұйымдастырған адамдардың мақсаты мені қызметімнен кетіру. Бұған дейін де маған белгісіз біреулер бірнеше мәрте телефоннан қоқан-лоққы көрсеткен. Әріптесім арқылы да «сәлемдеме» айтқандары болды. Қыстың күні әріптесім екеумізге қоқан-лоққы көрсеткеннен кейін полицияға шағым түсіргенбіз. Бірақ құқық қорғау органдарының тарапынан жауап болмады. Мен берілмеймін. Қорыққаннан шабаданымды жинап, қайтпаймын»-дейді Зухра Сұлтанованың өзі. 
нравится:    844
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии