18 Август
18:37
Астана: 21 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Кербез
25 мамыр 15:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Арықтауға арналған дұрыс ас үлесі

Арықтауға арналған дұрыс ас үлесі қандай болу керек? Арықтау үшін қандай азық-түлікті жеуге болады? Арықтауға себеп болатын азық-түліктің тізімі – диетада отырған болсаңыз сізге арналған!

Әйелдердің барлығы сымбатының тартымды болғанын қалайды, бірақ ол үшін құрбандыққа баруға бәрі дерлік дайын емес. 
«Диеталар – тым қиын және күрделі, мен тамақ жегенді сондай жақсы көремін» – деп айнаның алдында тұрып күрсінетініміз бар. Бірақ ашығу керек деп кім айтты? Нәтиженің оң болғанын көріп, сүйікті джинсыңызға қайтадан сыю үшін әдеттегі ас үлесіңізді аздап өзгертсеңіз де жеткілікті.

Арықтау кезінде қандай азық-түлікті жеу керек 

Сары май жемеңіз
Сары майдың орнына өсімдік майын пайдалану сияқты ұсақ-түйек сіздің сымбатыңызға тез арада оң әсерін тигізеді. Тіпті бұрынғыдай үйде пісірілген дәмді печеньені рахаттана жей берсеңіз болады, тек оның рецептін аздап өзгертіп жіберіңіз.

Көкөністермен жүрек жалғау 
Арықтауға арналған азық-түліктің қатарына, әрине, көкөністер кіреді. Әдетте, біз таңғы, түскі және кешкі асқа жеген тамақтан емес, олардың арасында жүрек жалғауға үлгеретіндіктен семіреміз. Қолымызға түскен нәрсеге тап береміз және ол әдетте жаңа піскен көкөніс емес, бутерброд, шоколад және гамбургер болып шығады. Сәбізбен, қиярмен, шалғаммен және қызанақпен жүрек жалғауды әдетке айналдырыңыз.

Майсыздандырылған сүт өнімдері 
Біз әдетте құрамындағы майдың мөлшері қанша екендігіне қарамастан ірімшік, йогурт және сүт сатып аламыз. Майсыздандырылған ірімшік пен басқа да сүт өнімдері дәл сондай дәмді емес пе? Қаптамасында жазылған жазуға үнемі көңіл аударуға тырысып жүріңіз.

Дәмдеуіштер
Арықтауға себеп болатын азық-түлік сізге дәмсіз болып көріне ме? Онда хош иісті шөптер, бұрыш, соя тұздығы және басқа да қоспалар сияқты дәмдеуіштерді көбірек пайдаланыңыз. Олардың калориялары аз болады, ал диеталық тағамның бірден жаңа реңктері пайда болады.

Бүтін дәнді азық-түлік
Арықтауға арналған ас үлесінің құрамына әр тамақ ішкен сайын бүтін дәннен жасалған азық-түлік кіру керек. Бүтін дәнді ботқалар мен нанды таңғы асқа ішкен пайдалы, ал қоңыр күріш пен бүтін дәнді макарондар түскі және кешкі асқа жарайды. Мұндай азық-түліктің құрамында пайдалы заттар көп болады, қуат көзі болып табылады және сіздің сымбатыңызды бұзбайды.

«Десертке не болады?» — деп сұрадыңыз ба? Тәтті дәмді және пайдалы жидектер мен жемістер тұрғанда торттар мен кәмпиттерді қайтеміз? 
Ас үлесіңізді пайдалы азық-түлікке аударып, мінсіз сымбатыңыздан рахатқа бөленіңіз!

kz.everydayme.com
нравится:    939
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии