|    |  
19 тамыз 2019
06:53
қаз
​Арыстанбек Мұхамедиұлы Талғат Жәнібековтен өтемақы ретінде 1 теңге төлеуін талап етті
21 шілде 2016, 12:15 19

 
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін «пара» алды деп айыптаған кинорежиссер Талғат Жәнібековті сотқа берді. Министрдің қорғаушысы Ескендір Әлімбаевтің айтуынша, А.Мұхамедиұлының талап-арызы сотқа 19 шілде күні өткізілген.
 
«Өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, 2016 жылдың 19 шілдесінде Мұхамедиұлы сотқа шағымданды және өзінің ар-ожданы мен іскерлік абыройын қорғауды талап етті. Өз талабында А.Мұхамедиұлы бұған дейін айтылған әңгімені жоққа шығарып, моральдық залал келтіргені үшін айыпталушыдан 1 теңге көлемінде символикалық өтемақы беруін талап етті», — дейді адвокат.
 
Е.Әлімбаевтің айтуынша, Жәнібековтің жариялаған бейнеүндеуінде Қазақстан Республикасының билігіне де кір келтірілген. Ол билік өкілдерін А.Мұхамедиұлының заңсыз әрекеттеріне көз жұма қарап отыр деп айыптайды. «Жәнібеков таратқан роликте айтылған Қазақстан Республикасының билігі, Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы деректер шындыққа жанаспайды», — дейді Әлімбаев.
 
Дереккөз: sn.kz


Жаңалықтар