13 Декабрь
01:54
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Туризм
22 қыркүйек 16:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Арзан әрі жақсы демалыңыз: хостел мен отелдің айырмашылығы
Қазіргі кезде хостелде студенттер мен ақшасы жоқ адамдар ғана тұрақтайды деген пікір толығымен өзгерді. Себебі хостелде қызық үшін тұратын түрлі жастағы адамдарды  жиі көреміз. Біз өз кезегімізде хостел мен отелдің негізгі деген 7 айырмашылығын  атап көрсетпекпіз. Сонымен...



1-себеп: Арзан



Хотелдің басты артықшылығы отелге қарағанда екі есе арзан. Хотелде қалың адаммен бірге тұру міндетті емес. Онда жеке бөлме жалдап алсаңыз да болады. Оның бағасы орта есеппен 50-60 еуроға ғана жетеді.

Кеңес: хостелдегі бөлмелерді алдын-ала брондаған дұрыс. Өйткені сізге қажет кезде сіз таңдаған бөлмелер бос болмай қалуы әбден мүмкін.

2-себеп: Өте арзан



Егер сіз ақшаңызды үнемдегіңіз келсе  хостелдің бір бөлмесін басқа бір адаммен бөлісіп тұрсаңыз да болады. Бір бөлмеде 4-тен 16-ға дейін адамдар тұра алады.  Испания, Франция, Германия сияқты елдерде мұндай орындарға 10-25 еуро ақы төленеді, ал өмір сүру деңгейі жоғары болып есептелетін Швеция, Норвегия, Данияда - 20-40 евроға жетеді.

Кеңес:  өте нашар хостелге жолығып қалмас үшін алдын ала мәліметтермен танысып,  орынды брондап қоюдың артықшылықтары көп.

3-себеп: Қауіпсіз



Бір бөлмеде көп адам тұрғаннан кейін ол жерде жеке заттарым жоғалып кетеді деген қорқыныштан арылу қажет. Өйткені кез келген хотелде жеке адамдарға арналған, құлыпталатын шкаф беріледі. Сонда заттарыңызды қауіпсіз сақтауға мүмкіндігіңіз болады. Жатахана бөлмелерінде түрлі адамдар көп болады, сондықтан олар жеке шкафтарға қатты көңіл аудара қоймайды.

Кеңес: ең қымбат деген бұйырдарыңызды ресепшенде тұрған сейфке тапсырсаңыз болады.

4-себеп:  Ас үй



Сіз мейрамханалар мен дәмханалардағы тамақтануға кететін ақшаңызды дүкендерден азық-түлік сатып алып  өзіңіз тамақ әзірлеп үнемдей аласыз. Негізінен саяхатқа шыққан кезде қаражаттың көпшілігі тамаққа кетіп қалады. Ал хостелдердің көпшілігінде арнайы асхана болады. Сіз  асханада өзіңізге ұнайтын тамақ әзірлей жүріп, басқа адамдардың ас мәзірімен танысуға мүмкіндіктеріңіз болады.
Кеңес: егер сізден қажет етілмесе де қалған тамақтарыңызды  тоңазытқышқа бір пакетке салып, сыртына бөлме нөмерін жазып қойсаңыңыз дұрыс.

5-себеп: Тегін тамақ



Көптеген хостелдерде келушілерді өздері тамақтандырады. Бір орын қарапайым ғана болуы мүмкін, алайда таңғы ас сізге тегін беріледі. Ол жерде тәтті тоқаш, шәй, май сияқты заттарды тегін қолдануыңыз мүмкін. Кейбір  хотелдерде  келушілерге таңғы ас ғана емес, түскі және кешкі ас та тегін  немесе сутегін бағада үлестіріліп жатады.

Кеңес: жолға қажетті тағамдарды да қалдырып қойғаныңыз артықтық етпейді.

6-себеп: Адамдармен қарым-қатынас  жасау



Хостел жаңа таныстықтың таптырмас орны. Хостелде әр жерден жиналған туристердің өзіндік ерекшеліктері, өмір сүру салты шоғырланған.
Кеңес:  адамдардың қарым-қатынас жасайтын тілінің басым бөлігі ағылшын тілі. Сондықтан да алдын-ала ағылшынша қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді жаттап дағдылансаңыз артықтық етпейді.

7-себеп: Ақысыз көңіл-көтеру



Біз көңілімізді көтеру үшін түрлі орындарға ақша төлеп барып жатамыз. Ал хостелде бірлесіп үстел тенисін, бильярд, тегін саяхаттарға мүмкіндіктер көп болады. Демалыс орнынан қызықты кітаптар немесе арзан орындарды да тез тауып алуға мүмкіндік бар.

Кеңес:  жатахана әкімшілігі таратқан жарнамалық хабарландыруларды елемей қоймаңыз. Өйткені одан көптеген пайдалы ақпараттар алуыңыз мүмкін.

Материал http://www.travel.ru сайтының мәліметтерімен дайындалды


 
нравится:    1478
Теги: Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии