14 Декабрь
06:18
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Экономика
29 сәуір 16:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Арзан автонесие айналасындағы дүрлігу негізді ме?
Қазақстандықтардан арзан автонесие бағдарламасына байланысты қолдан жасалған дүрлігу туғызбау сұралды. Қазақстан автобизнесінің ассоциациясы (ҚАБС) өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бағдарламаның 20 жылға есептелгенін және несиелеу процесі осы жоба мерзімі бойынша жүргізілетінін айтты.


ҚАБС өкілдері Ұлттық қордан отандық автоөндірісті қолдауға, нақтылай кетсек, жеке тұлғаларға арналған автонесиелеуге 15 миллиард теңгенің бөлінгенін ескертті.

"Бұл қаражат 20 жылға бөлінді, бірақ бұл ақша қайтарылады, яғни қазір Ұлттық қордан алынған бұл қаражат Қазақстан даму банкіне бөлінді, ол болса қаржыны алты құзырлы банкке үлестірді. Бұл банктер халыққа автокөлік сатып алуға несие береді, Несие ресімдеген адамдар бұл қаражатты қайтарады. Яғни Қазақстан бойынша қарыз адамдар бір айдан кейін белгілі бір соманы қайтарады. Банктер бұл қаражатты жинастырып, өзге азаматтарға несие бере бастайды", - деді ҚАБС өкілдері.

Ассоциация өкілдерінің айтуынша, қаржы 20 жылға бөлінді. ҚАБС өкілінің айтуынша, бұл сома Қазақстан бойынша жылдық автомобиль сұранысының 25 пайызын өтеуге жеткілікті.  

"Яғни әр ай сайын қайтарылған қаражаттан несие беріліп отырады. Сөйтіп, ай сайын қарыз азаматтар құзырлы банктерге ақша әкеліп отырады. Яғни, осылайша айналып отырады, беріліп отырады", - деді Ассоциация өкілдері.


Сонымен қатар, ҚАБС өкілдері кейбір банктерде жеңілдікпен берілетін автонесиелердің тоқтап қалғандығына, ал кейбіреулерінде тіпті басталмағанына түсінік берді. Өкілдің айтуынша, қазіргі уақытта автонесие алуға өтінімдер қабылданып жатыр, ал несие мамыр айының басында беріле бастайды. 

"Қазіргі уақытта өтінімдер қабылданып жатыр, оларды нақтылы банктердің несие комитеттері қарастырады. Адамдардың бір бөлігі бұл талаптарға сай емес, сондықтан олардың өтінімдері қайтарылады, жаңа бос орындар пайда болады. Ал біреу айнып қалады. Меніңше, бір немесе екі айдан кейін бәрі қалпына келеді және әдеттегі жұмыс атқарылады. (...) Банктердің бірінде өтінім қабылдау тоқтатылды, себебі оларда бар қаражаттан өтінімдердің мөлшері көп. Өтінім бергендердің ешқайсысы ақша алған жоқ. Қазір тек өтінім қабылданды", - деді ҚАБС өкілдері.

"Әрине, өтінім қабылдаудың бірінші кезеңінде олар көп болады, күте тұруымыз керек екені түсінікті. Бір ай өткеннен кейін, қарыз адамдар ақшаны қайтарғаннан кейін банктер қайтадан өтінім қабылдай бастайды. Осылайша 20 жыл бойы жалғасады. Адамдарды сабырға шақыру керек, қолдан жасалған дүрлігу туғызбау үшін, сонда бәрі өз орнына келеді. Қаражат бөлінді, бірақ бұл өтінімнің барлығын несие комитеттері мақұлдауы керек. Себебі қарыз алатын әр адамға талап бар. Меніңше, мамыр айының басынан ақша беріле бастайды", - деді Ассоциация өкілдері.

Айта кетейік, жеңілдігі бар автонесие бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 20 сәуірден басталған болатын. Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең, тиімді жылдық мөлшерлеме - 7,5 пайыз. Алдын ала төлем сомасы - 20 пайызға дейін. Несие мерзімі - 5 жылға дейін.

Сонымен қатар, жеңілдігі бар автонесие бағдарламасы бойынша қандай көлік алуға болатыны хабарланды.

Дереккөзі: tengrinews.kz

 
нравится:    745
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии