|    |  
22 шілде 2019
00:03
қаз
Ас тұзының денсаулыққа пайдасы
10 шілде 2019, 15:27 261


Ангина 
1 стакан жылы суға 1 шай қасық тұзды араластырып, күніне неше рет тамағынызды шайып жіберу қажет. 
1 стакан жылы суға 1/2 шай қасық тұз және 4 тамшы 5% иод араластырып алу. Осы ерітіндіні мұрын арқылы тамаққа жіберіп, түкіріп тастау керек. Осылай күніне неше мәрте қайталау. 

Балалардағы тұмауға қарсы тамаша құрал 
2 ас қасық аниса дәнегі, 1 шай қасық бал және қасық ұшымен тұз. Барлығын бір ыдысқа салып, үстіне 1 стакан су құйып, отқа қойып, бір қайнатып жіберіп, сүзіп алып тастап, жөтелі бар балаларға 1 шай қасықтан 2 сағат сайын беріп тұру қажет. Ересектерде қабылдаса болады, 2 қасықтан. 

Жөтелге 
Ертесімен аш асқазанға 1 стакан жылы суға, қасық ұшымен тұз және 1 шай қасық соданы араластырып қабылдау қажет. 

Терінің сырылған, кесілген, жара жеріне пайдасы 
Тұзды мазь тамаша көмекші: 2 ас қасық тұз, 1 ас қасық ұнталып езілген пияз, 1 ас қасық вазелин. Араластырып, пайда болған мазды жарақатталған жерге танып, бетін орап тастау керек. Осылай 24 сағат ұстау қажет. Бастапқыда шыдатпай ауыртады, 4 рет қабылдағаннан кейін барып басылады. 

Соғылған (көгерген) жер, ересектер мен балалардың бас ауруына 
Тұзбен компресс жасау, уксус қосып 1:1. 

Буын және сүйек ауруларына 
1 стакан бал, 1 стакан арақ, 1 стакан тұз, 1/5 стакан ақ шомыр (редька) шырыны. Барлығын араластырып, ауырып тұрған жерге жағып қою. 

Ішектер ауруына (вялый кишечника) 
Ішке қабылдауға ерітінді жасау: 2 стакан суға, 1 шай қасық тұз, 1/3 стакан сүтті араластырып қабылдау. Нәтиже болмаса, 2 сағаттан кейін осыны тағы да қайталау. 

Артық салмақтан 
Ваннадағы толы суға 2 кг ас тұзын немесе 1 кг теңіз тұзын қосып, ваннада 15 минут жату керек. Осылай күніге үзбей 15 күн қайталап тұру. Бұған қоса осындай ванна дене терісін тазалауға тамаша тәсіл. Ванна температурасы 36-37 градус болуы тиіс. 

Тістің саулығына 
Тісің сау болу үшін ертеңгісін таңғы астан бұрын, тұзды бір кесекті алып, сорып жүру керек. Сол тұзды түкірікпен ауыз қуыстарын шайқап-шайқап түкіріп тастауға болады. 

Табан және тырнақ зеңіне 
Мятаны майдалап турап(ұнтап), тұзбен (1:1) араластырып, саусақ арасына, табанға немесе тырнақ үстіне қою керек. Жазылғанға дейін қайталап тұрған дұрыс. 

Ас тұзымен емделу жолы оңай және қарапайым. Ал ең бастысы, қолжетімді. 
Топқа тіркелуді де ұмытпаныз!

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар