22 Август
11:33
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Экономика
4 маусым 14:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ас үй жұмыстарын жеңілдететін "ақылды" үстел (видео)
IKEA компаниясы асүй тірлігін жеңілдететін «ақылды» үстел ұсынды деп хабарлайды 24.kz.
Компания мамандары 10 жыл уақыттан соң асүйдегі құралдар жан-жақтан құралған емес, ас әзірлейтін бөлменің өзі біртұтас кешен болатынын айтты. Мұнда әмбебап үстел қойылып, оның бетінде ет пен өзге өнімдерді кесуге, тамақты асуға, қуыруға болады.


Ең қызығы — оның интерактивті болатын беткі бөлігі. Оған шикі өнімдерді, көкөніс, жеміс-жидекті қойып, бірден олар туралы мұқият ақпарат алуға болады. Сондай-ақ егер оларды бірге жиыстырып қойсаңыз, қандай тағам пісіруге болатыны жазылған рецепт үстел бетіне жазылып шыға келеді екен.

Мұндай үстел үстіне қалдырылған шәй немесе кофе қыздырылып, суымастан, үнемі бабында тұрады.

IKEA мамандарының адам өмірін, әсіресе үй шаруасындағы әйелдердің күнделікті тіршілігін жеңілдетуге арналған үстелін төмендегі роликтен тамашалаңыз.

нравится:    1205
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии