24 Сентябрь
00:11
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Кербез
12 қыркүйек 10:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ас үйге арналған 10 лайфхак
Ас әзірлеген жақсы. Ал асты дәмді әзірлеген одан да жақсы. Кез-келген кәсіби аспаздың немесе тәжірибесі бар үй шаруасындағы әйелдің тағамды қалай жылдам, дәмді әзірлеп, ас үйдегі тірлікті қалай жеңілдету керектігі жайында өз құпиясы болады. Біз солардың кейбірін анықтап, тоқталып өттік.

1.Тәтті бәліш әзірлеп, барлық қамырды пайдалана алмадыңыз ба? Онда қалғанын домалақтап тоңазытқышқа салып қойыңыз. 



Келесі жолы жақындарыңызды қуантқыңыз келгенде дайын қамырды шығарып тез арада пеште пісіріп аласыз.

2.Жазғы уақытта шөліңізді тиімді басу үшін силиконды формада лимон кесінділері қосылған суды тоңазытқышта қатырып қойыңыз. 



«Лимонды мұзды» суық су құйылған стаканға салып жіберсеңіз, ол шөліңізді жылдам басып, ұзақ уақытқа дейін шөлдетпейді.

3.Тәттілерге қолдан жасауға арналған шекерді қосасыз ба? Онда шекерді герметикалық бумаға салып, үстіне зефир тастап қойыңыз. 



Зефир қанттың қайтадан бірігіп, тас сияқты болып қалмауына септігін тигізеді.
 
4.Егер бал кристалданып қалса оның құтысын кәстрөлдегі жылы суға салып қойыңыз.



5.Қатып қалған балмұздақты қорабынан қасықпен бөліп жеймін деп әуре болмаңыз. Оданда аздап қыздырылған пышақты пайдаланғаныңыз дұрыс. 



6.Қарбыз бен қауынды жылдам майда бөліктерге бөлу керек па? Шешімі бар!







7. Егер сіз тым жасыл банан сатып алған болсаңыз, оны пешке салып ең төменгі температурада 10 минуттай екі жағын пісіріңіз. 



8.Кремі көп тортты кескеннен кейін пышақты тазалаудан шаршадыңыз ба? Онда кеспес бұрын пышақты жылы судың астында шамалы ұстаған дұрыс болады.



9. Ал, сол тортыңыздың ұзақ уақыт жаңа күйде сақталғанын қаласаңыз, тоңазытқышта алманың жанына қойып қойыңыз.



10. Жұмыртқаның ақуызын ұнатпайсыз ба?



Жұмыртқаны қайнатпас бұрын оны ас үй сүлгісіне немесе шұлығына салып жақсылап шайқаңыз. Оны оттан алып тазалаған кезде тек саруыздан тұратын жұмыртқа пайда болады.

Дереккөз: novate.ru





 
нравится:    39
Теги: Ас мәзірі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии