21 Август
08:48
Астана: 9 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
13 шілде 14:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Асанәлі Әшімов: «Бүгінде отандық киноның өзіне тән ерекшелігі, қасиеті жоқ!»

 
Бүгін Алматыда отандық кино саласының өкілдері Дөңгелек үстел барысында «Қазақстан Республикасындағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту» тұжырымдамасының жобасын және «Кинематография туралы» заң жобасын талқылады.
 
«Бүгін отандық кинематография саласы үшін тарихи күн. Біз киноны дамыту туралы тұжырымдама мен кино туралы заңның жобасын талқыға салу үшін жиналдық. Бұрын біз: «Кинематографияға заңның қажеті не?» деуші едік. Қазір ол заңның керек екенін барлығымыз да жақсы түсінеміз. Ресейде бұдан 10 жыл бұрын қабылданған «Кино туралы» заңды мұқият қарап шығу қажет деп ойлаймын. Бүгінде отандық киноның өзіне тән ерекшелігі, қасиеті жоқ деуге болады. Көптеген жобалар  - батыстық кино туындыларға  еліктеуден туған. Бірақ бізде жақсы кадрлар баршылық. Оларға қолдау көрсетіп, ұлттық сипаттағы кинотуындылар түсіруге тартуымыз қажет», - деді өз сөзінде КСРО халық артисі, кино және театр режиссері Асанәлі Әшімов.
 
Дөңгелек үстел барысында сапалы фильмдерді көптеп түсіру, кино өнері саласына мемлекеттік қолдау көрсету, кинотеатр желілерін дамыту, қазақстандық кино өндірісі саласының тартымдылығын арттыру және басқа да мәселелер талқыланды.
 
Сондай-ақ, Қазақстан киносы Қорын, бірыңғай мемлекеттік фильмдер Қорын, «Қазақфильм» АҚ аумағында Арнайы экономикалық аймақ ашу мәселелері де көтерілді.  
 
Бүгінгі таңда Қазақстанда 96 кинотеатр бар. Бір киносеанс билетінің бағасы орта есеппен - 960 теңге тұрады. Киносеанстар саны бойынша отандық кинотуындылардың үлес салмағы  - 8 пайызды құрайды. Жыл сайын мемлекет тарапынан кино саласына - 4 269 млн. теңге бөлінеді.
 
Дереккөз: ҚазАқпарат
нравится:    627
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии