|    |  
11 желтоқсан 2018
07:20
қаз
Әсет би мен Абыз: Білгендерден ғибрат ал
13 қараша, 09:06 43


Абыз жүз жиырма жасқа келіп отырған шағында, Әсет би көрісе кеп былай деген екен:
— Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз айтыңызшы,— депті.
Сонда Абыз былай дейді:

Ата-ананың қадірін 
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін 
Жалалы болғанда білерсің.
Балалықтың қадірін
Саналы болғанда білерсің.
Асыл менен жасықты
Бағалы болғанда білерсің.
Бостандықтың қадірін 
Жабылғанда білерсің. 
Қалтаңдағы ақшаңды 
Қағылғанда білерсің.
Ден саулықтың қадірін 
Ауырғанда білерсің.
Ақ бетіңнің қадірін 
Қан кеткенде білерсің.
Ақ білектің қадірін
Әл кеткенде білерсің.
Жиырма бестің қадірін 
Жас өткенде білерсің.
Қара көздің қадірін 
Нұр кеткенде білерсің.
Татулықтың қадірін 
Дос кеткенде білерсің.
Жақсы әйелдің қадірін 
Өлгенінде білерсің.
Жақсы туыс қадірін
Көмгенінде білерсің.
Аяқ-қолдың қадірін 
Ақсағанда білерсің.
Отыз тістің қадірін 
Қақсағанда білерсің.
Қызыл тілдің қадірін 
Тоқтағанда білерсің.
Білгеніңді сөйлеп қал,
Білгендерден ғибрат ал!

Дереккөзі: "Ғибрат" 


Жаңалықтар