17 Декабрь
12:21
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
18 тамыз 10:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Аш аюдың басы тесікке қыстырылып қалды


АҚШ-тың Айдахо штатындағы тұрғын үйлердің бірінде есіктегі мысық пен иттің кіріп шығуына арналған тесікке орман тағысы қоңыр аюдың басы қыстырылып қалды. Мұны суретке түсіріп алған үй иесі әлеуметтік желі арқылы танымал болып шыға келді, деп жазады шетелдік БАҚ. 

Әлеуметтік желіде сурет таратқан Дуг Хардер есімді штат тұрғыны аюдың үйіне қалай «қонаққа» келгенін айтқан. Бұдан бір күн бұрын аю оның үйіне келіп, ашық қалған есіктен кірген. Үйді талқандап, тамақтарды жеп кеткен екен.



Дәніккен аю сол ізімен ертеңінде қайтып келгенде есік жабық болған. «Тіміскілеп жүріп есіктегі тесікке енді басы қыстырылып қалды», деп жазады күлкіге қарық болған үй иесі. 
Осыдан кейін ол ветеринарларды көмекке шақырып, құтқарушылардың көмегімен аюдан құтылған.



Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    1096
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии