|    |  
26 наурыз 2019
09:30
қаз
​Аш қарынға ішілген су: мұны әдетке айналдырудың 7 себебі
23 қараша 2018, 12:05 4

Адам ағзасы көп мөлшерде сұйықтыққа тәуелді екені баршаға аян. Егер біз   аш қарынға су ішсек, не болады? Мамандардың айтуынша, бұл пайдалы екен.

1. Ағзаны тазартады
Түнгі уақытта ағза демалып, токсиндерден арылады, ал ертеңгілік аш қарынға ішілген су зиянды заттардың ағзадан шығуына көмектеседі. Сондай-ақ су бұлшық ет жасушасы мен қан жасушасының түзілуіне көмектеседі.

2. Зат алмасуды реттейді
Таңертең су ішу арқылы біз метаболизм жылдамдығын 24%-ға арттырамыз, ал зат алмасудың артуы астың тез қорытылуына мүмкіндік береді. Жылы су ішуге кеңес беріледі.

3. Қыжылды жояды
Асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуының бірден-бір себебі – асқазақ сөлінің қышқылдануы. Аш қарынға су ішу арқылы асқазанға түсіп, қыжыл тудыратын қышқылдың сумен араласып, нәтижесінде ішек жұмысы дұрыс жұмыс жасайды.

4. Бет түсін жақсартады
Ағзада судың жетіспеушілігі әжімнің ерте түсуіне әрі тері саңылауларының үлкеюіне жол ашады. Таңертең ішілген 500 мл су қан айналымды жақсартып, бет терісіне оң әсер береді екен.

5. Сау әрі жылтыр шаш
Ағзада судың жетіспеуі шаштың өсуіне де теріс әсер береді, нәтижесінде олар түседі не сынғыш келеді. Су шаш салмағының  ¼ үлесін құрайды. Әрине, күні бойы судың жақсы ішілгені дұрыс, ал ең пайдалысы – оны аш қарынға ішу. 

6. Қуық қабынуларының алдын алады
Аш қарынға ішілген су асқазан сөлімен араласып, ағзадан зиянды қалдықтарды шығаруға көмектеседі, ал зиянды заттар ағзада жиналып қалса, қуық қабынуларына алып келетіні белгілі.

7. Иммундық жүйені қатайтады
Ертеңгілік аш қарынға су ішу иммундық жүйені жақсартады, нәтижесінде ағза түрлі аурулардың қоздырғыштарына қарсы тұра алады.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua


Жаңалықтар