|    |  
20 қазан 2019
13:43
қаз
Аш қарынға жасыл банан жегеннің пайдасы
08 мамыр 2019, 14:55 193
Банан құрамындағы сахароза, фруктоза және глюкоза арқасында ол асқазанда тез әрі жеңіл қорытылып, бойға күш-қуат сыйлайды. Ертеде банан жемісін «ертегі әлемінің жемісі» деп атаған екен. Себебі, дәм татсаң, қарның тояды әрі денсаулыққа пайдалы әрі ағзаға берер шипасы мол. 



Калийге бай бұл жеміс қан қысымын реттеп, инсультке шалдығудың алдын алады. Сондай-ақ, жүрек, көк тамыр ауруларынна таптырмас жеміс. Еуропа елдерінің мектептерінде оқушыларға таңертеңгі және түскі ас кезінде банан береді. Себебі, банан баланың ойлау қабілетіне жақсы әсер етеді. Таңертең аш қарынға банан жегіңіз келсе жасылдауын таңдағаныңыз дұрыс. Өйткені, сары банан асқазанға ауырлық түсіреді. Себебі оның құрамында көмірсулар мөлшерден тыс көп кездеседі. 

Ертеде халықтық медицинада бананнан жөтелді басуға арналған сусын жасаған. Ол үшін бананды үккіштен өткізіп алу керек. Үстінен қайнаған су құйыңыз. Қақырық шығарғыш қасиетке ие бұл сусынды бірнеше күн қатарынан жөтел кеткенше қабылдау керек. 
Ал, косметолог мамандар үй жағдайында бананнан бетті ылғалдандыратын маска жасауға кеңес береді. Ол үшін бананның жартысын ыдысқа салып езіп аламыз. Үстінен шамамен бір қасық лимон сығындысын құямыз. Жақсылап арластырып болған соң, масканы бетке жағамыз. 15-20 минуттан соң салқын сумен шайып тастау қажет. Бананды масканы аптасына бір рет жасап тұру жеткілікті.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар