19 Декабрь
04:23
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
18 мамыр 18:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Аша Матай, Қарлығаш Мұхамеджанова мен Ольга Ким қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді
Еліміздің шоу-бизнес өкілдері сахнадағы өнерімен қатар қоғамдық шараларға да белсенді араласады. Әсіресе қайырымдылық жәрмеңкелері мен концерттерді көптеп ұйымдастыратыны жасырын емес. Алайда, ойға алған ісін бірі еш жарнамасыз жүзеге асырса, ендібіреуі жаһанға жар салып өткізеді.



Әнші, актриса, тележүргізуші  Аша Матай, актриса Қарлығаш Мұхамеджанова мен әшекей бұйымдарының брэндін қалыптастырушы Ольга Ким үшеуі бірлесіп Алматыда қайырымдылық жәрмеңкесін өткізуде. Демалыс күндеріне жоспарлаған шарада өнер иелері сәнді көйлектер мен бағалы киімдерін арзан бағада сатып жатыр. Әшекей бұйымдары мен тәттілерді де осы жерден табуға болады.

Жәрмеңкеден түскен қаражатты қыздар  Әлихан есімді бөбектің емделуіне көмек ретінде беруді жоспарлап отыр. 5 жасар балаға шұғыл түрде ота жасау қажет.

Қазақ — бауырмал халық. Қолында барын аямай, мүмкіндігінше көмек беруге талпынған арулардың әрекеті үлгі аларлықтай екен. Қайырымдылық жәрмеңкесі ертең де жалғасын табады. Сәнді киімдерді арзан бағада сатып алып, мұқтаж жанға қол ұшын созуға асығыңыздар.

Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    1740
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии