19 Октябрь
13:16
Астана: 4 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Мәдениет
31 мамыр 15:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін тақырыбындағы қазақ фильмдері



31 мамыр - Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл дата Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. 

1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. 

Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазаға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері тартылды. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. 

Ашаршылық пен қуғын-сүргін, билік тарапынан жасалған зорлық-зомбылық тақырыбында елімізде түсірілген бірқатар кинофильмдер бар. Бүгін солардың бірнешеуіне тоқталсақ. 



                                                               "Жансебіл" фильмінен кадр

Қазақ кинематографшылары бұл тақырыпқа тәуілсіздік алған кезеңнен бастап назар аудара бастаған екен. «Жансебіл» – соның мысалы. 

Фильм 1991 жылы Жүсіпбек Қорғасбектің «Жансебіл» әңгімесінің желісі бойынша түсірілген. Туындыда соғыс нәубеті мен Сталиндік қуғын-сүргінді бастарынан кешірсе де, жақсылықтан үмітін үзбеген қос қарттың өмірі суреттеледі. 

АҚПАРАТ:

Жансебіл / Доходяга 
Өндіруші: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы
Жыл: 1991
Ұзақтығы: 77 минут
Режиссер: Аяған Шәжімбай
Сценарий авторлары: В. Трунин, Ж. Қорғасбек
Рөлдерде: Қасым Жәкібаев, Галина Макарова, Кеңес Нұрланов, Анна Тараканова, В. Бутаков. 


Басты рөлді сомдаушы Қасым Жәкібаев Түркіменстанда 1992 жылы өткен «Күміс жартыай» халықаралық фестивалінде үздік дебют, басты рөлді үздік орындаушы сыйлықтарына ие болған.




                                                                "Сұрапыл сұржекей" фильмінен кадр

Сондай-ақ, дәл осы жылы Дамир Манабай да ашаршылық тақырыбындағы картинасын түсірді. "Сұрапыл сұржекей" деп аталатын фильм елеусіз қалған жобалардың бірі еді. Өйткені тәуелсіздік алған алғашқы жылдары бұндай тақырыптар әлі де жабық, көп қозғалмайтын. 

Фильмде 1930 жылдардағы Қазақстан суреттеледі. Сауатсыз Сұржекей ұжымдастыру саясатының қолжаулығына айналады. 

АҚПАРАТ:

Сұрапыл сұржекей / Суржекей - ангел смерти 
Өндіруші: «Катарсис» шығармашылық бірлестігі
Жыл: 1991
Ұзақтығы: 129 минут
Режиссер: Дамир Манабай
Сценарий авторлары: Смағұл Елубаев, Дамир Манабай
Рөлдерде: Мейірман Нұрекеев, Нұрмұхан Жантөрин, Жұмахан Әбдіқадыров, Бақытжан Әлпейісов, Жанас Ысқақов.





                                                            "Заман-ай" фильмінен кадр

Сәкен Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» романына негізделген – «Заман-ай» картинасында 1930-шы жылдары қысым көрген қазақтардың Қытайға көшуі баяндалады. Фильм 1990 жылдардың басында түсірілгенімен, түрлі қиындықтарға байланысты алты жылдан кейін жарық көрді. 

Сюжет бойынша қоныс аударғандардың арасында бір байдың қызы болады. Көп жылдар өткен соң, ол өзінің немересін ата-анасынан айырып, өзінің туған еліне аттанады. Ұзақ жол жүріп, ол өзінің туған еліне қайта алмай, қайтыс болады. Оның өз еліне қайтуына тағы бір себеп бар болатын. Ол себеп - өзінің жас кезінде сүйген адамы Атымтай. 

АҚПАРАТ:

Заман-ай 
Өндіруші: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, «Бейне» киновидео студиясы
Жыл: 1997
Ұзақтығы: 67 минут
Режиссер: Болат Шәріп
Сценарий авторлары: Сәкен Жүнісов, Болат Шәріп
Рөлдерде: Зәмзәгүл Шәріпова, Гүлнәр Сейтімбетова, Ерік Жолжақсынов, Арыстан Қиқымов, Райхан Айтқожанова.





                                                        "Мұстафа Шоқай" фильмінен кадр

Мұстафа Шоқай – Кеңес билігі тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған саяси тұлғалардың бірі. Ол Орта Азия халықтарын бір тудың астына біріктіруді көздеді, халқының еркіндікте өмір сүргенін қалады. Сатыбалды Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» картасында осы тұлғаның күрделі өмірі туралы мағлұмат алып қоймай, 1920 жылдары Қазақ даласында орнаған қиын-қыстау кезеңдердің де куәсі боламыз. 

АҚПАРАТ:

Мұстафа Шоқай 
Өндіруші: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы
Жыл: 2008
Ұзақтығы: 140 минут
Режиссер: Сатыбалды Нарымбетов
Сценарий авторлары: Әкім Таразы, Ермек Тұрсынов, үлкен Сергей Бодров
Рөлдерде: Азиз Бейшеналиев, Карина Абдуллина, Лия Нэльская, Тоқтарбек Қамшыбай, Берік Айтжанов, Наталия Арынбасарова, т.б.





                                                         "Жерұйық" фильмінен кадр

Жаппай қуғын-сүргін болған жылдары Қазақстан жеріне көптеген ұлттардың өкілдері ауып келді. Олар да көптеген қиындықтарды, аштық пен қорлықты бастан кешкен халықтар еді. «Жерұйық» - өзінің ауыр халіне қарамастан, ауып келген ұлттарға қамқор болып, көмек қолын соза білген қазақ халқына арналады. Қиыншылықтарға бірауыздан қарсы тұра білген халықтар бірлігін паш етеді. 

АҚПАРАТ:

Жерұйық / Земля обетованная 
Өндіруші: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы
Жыл: 2011
Ұзақтығы: 110 минут
Режиссер: Сламбек Тәуекел
Сценарий авторлары: Лаврентий Сон, Сламбек Тәуекел
Рөлдерде: Болат Әбділманов, Нұрқанат Жақыпбай, Ан Чанг Хен, Эдуард Пак, Назгүл Қарабалина, Сергей Попов, Ержан Нұрымбет, Әнуар Нұрпейісов, Бағлан Әбдірайымов, Райхан Айтқожина, Дулыға Ақмолда, т.б.




                                                                       "Аманат" фильмінен кадр

Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» драмасы – саяси қудалауға ұшыраған Ермұхан Бекмахановтың өміріне арналады. Алайда фильмде қазақ тарихының үш кезеңі қамтылады: Кенесары хан заманы, ХХ ғасырдың 60 жылдары, яғни Ермұхан Бекмахановтың өмір сүрген кезеңі және осы тұлға туралы ізденіп жүрген жас журналист Рамазанның заманы, 1970 жылдар. 

Картинада Халел Досмұхамедов, Қаныш Сәтпаев, Бауыржан Момышұлы секілді қазақтың тарихи тұлғаларын кездестіруге болады.

АҚПАРАТ:

 Аманат 
Өндіруші: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы
Жыл: 2015
Режиссер: Сатыбалды Нарымбетов
Сценарий авторы: Сатыбалды Нарымбетов
Рөлдерде: Берік Айтжанов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Санжар Мәдиев, Азиз Бейшеналиев, Азат Нуртаев, т.б.



Бұлардан бөлек, Рүстем Әбдірашевтің "Сталинге сыйлық", Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмдерінен аталған кезеңдерді суреттейтін кадрларды кездестіруге болады.



Дереккөзі: kinostan.kz
 
нравится:    1168
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии