23 Август
19:35
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
22 маусым 11:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Асхат Садырбай: Алматы әуежайына Қонаевтың атын беру керек
Танымал тележурналист Асхан Садырбай Астана әуежайының ауыстырылуына байланысты пікірін білдірді. Әуежайдың Елбасының атына берілуін қолдаған журналист Алматы әуежайына Дінмұхаммед Қонаевтың атын беруді ұсынған.


 
«Меніңше әлем астаналарының атауы брэнд. Сол сияқты үлкен xалықаралық әуежайлардың да өз алдына брэнд болғаны дұрыс әрі әдемі. Енді Астанаға ұшақпен қонғанда ұшақ командирінің "Құрметті жолаушылар, біздің әуе кемеміз Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына қонды" деген сөзі құлағымызға ерекше жағымды естіледі деп ойлаймын. Жаңа әуежайдың жаңа атауы жақсы бастамаларға себеп болғай, құтты болсын! Енді Алматыдағы әуежайдың атын Дінмұxаммед Қонаев деп атаса керемет болар еді...
Р.S.:  Түркияның мемлекет болып қалыптасуына елеулі үлес қосқан Ататүрік атындағы xалықаралық әуежайы, Францияның бесінші республика болып саясатқа жаңашыл бетін бұрғанн Шарль-де-Голь атындағы xалықаралық әуежайы олардың тәуелсіздігімен көшбасшыларының қатар келе жатқандығын көрсетеді»-деп жазған желідегі парақшасында.
 
 
нравится:    309
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии